Базаргалиев Ерлан Шаймерденович
№1 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі
Медицина ғылымдарының кандидаты (2009)
Ассоцирленген профессор (2019)
Жоғары дәрежелі гастроэнтеролог, дәрігер-терапевт
“ҚР денсаулық сақтау үздігі” – 2020ж.
“ҚР Гастроэнтерология/Гепатология саласындағы үздік педагогі” – 2022ж.
“БҚМУ-нің үздік оқытушысы” – 2023ж.
Е.Ш. Базарғалиевтің басшылығымен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярналуда: 3 – магистр; 2 – РhD және Батыс Қазақстанның барлық өңірлері үшін 40-тан астам гастроэнтеролог мамандарды резидентурада оқытып, практикалық денсаулық сақтауға қызмет ету үшін дайындап шығарды.
Жетістіктері:
120 –дан астам ғылыми жұмыстар авторы: 5 – Web of Sciences базасында; 20 – Scopus-та; РИНЦ – 28, 15 – авторлық куәлік, 8 – дәрігерлерге арналған оқулық құралының авторы, 2 – монография
Хирша индексі: Web of Sciences – 3; Scopus – 6.
Кадрлық құрам
Агзамова Рауия Токмурзиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра профессоры
Кудабаева Хатимя Ильясовна – кафедра профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты
Арингазина Райса Абдижаппаровна – кафедра профессоры
Космуратова Райкуль Насреддиновна – PhD, кафедра доценті
Жаманкулова Дамира Гиниатовна – кафедра доценті
Зеленцова Сания Фазлахматовна – кафедра ассистенті
Мақашова Меңтай Серікқызы – кафедра ассистенті
Рысмаганбетов Сагындык Сансызбаевич – кафедра ассистенті
Исаева Әйгерім Қуанышқызы – кафедра ассистенті
Каратаева Жулдызай Сагиевна – кафедра ассистенті
Маденбаева Ақжан Мүсілімбекқызы – кафедра ассистенті
Жұмабекова Гүлсім Жұмабекқызы – кафедра ассистенті
Кафедра тарихы
1960 жылы бұрынғы факультеттік терапия кафедрасы, қазіргі №1 ішкі аурулар кафедрасының іргетасы қаланды. Алғашқы ұйымдастырушысы және кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, м/қ подполковнигі, СОКП мүшесі М. А. Дудченко көп үлес қосты.
1974-1976 жылдары факультеттік терапия кафедрасын профессор Р. Х. Кадырова меңгерген, ал 1976 – 1994 жылдары профессор Е. Г. Перепелкин басқарған. 1995 – 1998 жылдары факультеттік терапия кафедрасын профессор Ахметов Каиргали Жалелович басқарды. 1998 – 2010 жылдары кафедраны Р.Т. Агзамова басқарды. 2010 – 2012 жылдары Х.И.Кудабаева кафедраға жетекшілік етті. 2012 – 2014 годы «№1 Ішкі аурулар» кафедрасын Л.М.Тулегенова басқарды.
2014 жылдан бастап №1 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі – Базаргалиев Ерлан Шаймерденович.
Әр жылдары бұрынғы факультеттік терапия кафедрасы, қазіргі №1 ішкі аурулар кафедрасында Г. П.Шигирт, А.К. Шаиро, А.П. Полякова, С.И. Логвиненко, Н.К. Гулин, А.С.Дербисалин, А.Н. Шакирова
Мақсаты
- Білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру процесін үнемі жетілдіру
- Жоғары кәсіби құзыреттілігі мен жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар практикалық денсаулық сақтау үшін де, медицина саласындағы ғылыми жұмыс үшін де жоғары білікті кадрларды даярлау
Қызметі
Педагогикалық және әдістемелік қызмет
Кафедрада “Ішкі аурулар” пәні бойынша “Стоматология” факультетінің 3 курс студенттері, “жалпы медицина” факультетінің 4 курс студенттері, “Әскери-далалық терапия” пәні бойынша әскери міндетті студенттер оқытылады.
№1 Ішкі аурулар кафедрасы “Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы”, “Ересектер, балалар эндокринологиясы”, “Ересектер, балалар ревматологиясы” мамандықтары бойынша резиденттерді оқытады.
Ғылыми қызметі:
Кафедраның ғылыми–зерттеу жұмысының негізгі бағыттары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін рецензияланатын Scopus, Web of Sciences (Q1, Q2, Q3), ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК дерекқорларында, ғылыми басылымдарда жариялайды; түрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысады.
Емдеу қызметі:
Кафедраның барлық қызметкерлері өздеріне бекітілген «AMC» бөлімшелерінде емдеу-диагностикалық қызметтірін жүзеге асырады.
Жетісіктері
№1 ішкі аурулар кафедрасы ғылыми жұмысқа белсенді түрде ат салысады. Кафедра қызметкерлері кезінде Москва, Алматы, Ақтөбе қалаларында өз еңбектерін қорғаған. Кафедрада келесідей диссертациялар қорғалған: медицина ғылымдарының докторы-3; phD – 3; медицина ғылымдарының кандидаты – 4; медицина ғылымдарының магистрі-5. Диссертациялық жұмыстар әртүрлі шифрмен орындалған: ішкі аурулар, эндокринология, клиникалық фармакология, медицина.
Кафедра профессоры Кудабаева Х.И. халықаралық клиникалық зерттеулер жүргізу қағидаттарына оқытылды және қант диабеті бойынша Халықаралық зерттеулерге қатысады.
Кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты әртүрлі кезеңдерді қамтыды. 2002-2007 жылдары № 1 ішкі аурулар кафедрасында төмендегі тақырып бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді: «Helicobacter pyloriмен ассоцирленген асқазан-ішек трактісінің жоғарғы бөліктерінің ауруларын емдеу және диагностикалау әдістерін талқылау». Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., профессор Бектаева Р.Р., м.ғ.к.., академия профессоры Ағзамова Р.Т.
Кафедра қызметкерлері ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру шеңберінде келесідей зерттеулерге қатысты:
– 2013-2015 жылдары “Қазақстанның Батыс өңіріндегі эндемиялық зоб эпидемиологиясы және йод тапшылығы жағдайларының алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу” тақырыбы;
– 2016-2018 жылдар аралығында “Туберкулездің резистентті түрлерінде ФС-1 дәрілік затының оралдық формасының қауіпсіздігін, емдік тиімділігінің рандомизацияланған плацебо бақыланатын зерттеуі”;
– 2021 жылдан бастап “Қан айналымы жүйесі ауруларынан, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз өлім қаупін азайтуға бағытталған инновациялық және жоғары тиімді технологияларды әзірлеу”.
2018-2021 жылдары кафедрада “Қазақ популяциясындағы семіздіктің молекулярлық-генетикалық аспектілері” тақырыбында ЖОО ішіндегі қаржыландыру шеңберінде ҒТП жүргізілді.
Кафедра профессорлары Е. Ш. Базарғалиевтің, Х.И. Кудабаеваның және кафедра доценті Д.Г. Жаманкулованың басшылығымен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярналуда, Батыс Қазақстанның барлық өңірлері үшін 40-тан астам гастроэнтеролог мамандарды резидентурада оқытып, практикалық денсаулық сақтауға қызмет ету үшін дайындап шығарылды.
Кафедрада 1000 астам жұмыс, 10-нан астам өнер-табыс, 3 рационализаторлық ұсыныс, і0-дан әдістемелік нұсқаулар жарыққа шықты.
Ғылыми зерттеу жұмыс аясында кафедраның 1 қызметкері «Медицина» саласы бойынша докторантурада білім алуда.
Адрес: Жанаконыс 8Е, «Aktobe Medical Center», блок Б, 1 қабат.
Фотогалерея