№1 Ішкі аурулар кафедрасы

1960 жылы бұрынғы факультеттік терапия кафедрасы, қазіргі №1 ішкі аурулар кафедрасының іргетасы қаланды.Алғашқы ұйымдастырушысы және кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, м/қ подполковнигі, СОКП мүшесі М. А. Дудченко.Максим Андреевич Дудченко С.М.Киров атындағы Ленинград қаласындағы Әскери Академиясын бітірген соң ұзақ жылдар бойы әртүрлі қызметтер атқарды және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. «Қызыл Ту», «Отан соғысының I дәрежесі», «Қызыл жұлдыз» және басқа да 10 медальдармен марапатталған.Кейіннен кафедраны басқарды: 1974 жылдан 1976 жылға дейін – профессор Р.Х.Кадырова; 1976-1995 жылдары – медицина ғылымдарының докторы, профессор Евгений Григорьевич Перепелкин, Саратов мемлекеттік медицина институтының түлегі; 1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін – профессор Қайырғали Жәлелұлы Ахметов, оның Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын үздік дипломмен бітіргені ерекше; Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ағзамова Рауия Тоқмұрзиқызы 1998 жылдан 2010 жылға дейін кафедраны басқарды, оның басшылығымен кафедра қызметкерлері «Жоғары асқазан-ішек жолдарының HPассоцирленген ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін жасау» тақырыбында ғылыми жұмыстармен айналыса бастады.Қайта құрылуына байланысты факультеттік терапия кафедрасы 2011 жылдың қыркүйек айында №1 ішкі аурулар кафедрасы болып өзгертілді. 2010 жылдан 2012 жылға дейін кафедра меңгерушісі м.ғ. к., доцент Кудабаева Хатимя Ильясовна болды, Хатима Ильясовна жетекшілігімен кафедра қызметкерлері “Қазақстанның батыс аймағындағы эндемиялық зоб эпидемиологиясы және йод тапшылығы жағдайларының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу”тақырыбында ҚР БҒМ гранттық зерттеу жүргізді. Ғылыми жұмыс нәтижелері бойынша 2 магистрлік 2 PhD докторлық диссертация қорғалды; 2012 жылдан бастап 2014 жылдың наурызына дейін М. ғ. д. Төлегенова Любовь Муратовна.2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны м.ғ.к., ассоцирленген профессор Базаргалиев Ерлан Шаймерденович жоғары санатты дәрігер терапевт, гастроэнтеролог болып табылады. “Болашақ” бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяда оқыған. Оның жетекшілігімен кафедрада резиденттер “Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы” және “Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы”мамандықтары бойынша білім ала бастады. Кафедраның ПОҚ және резиденттер ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады.Кафедра Батыс Қазақстанның ірі клиникаларының бірі Ақтөбе облыстық ауруханасында орналасқан. Кафедраның оқу базасында терапевтік бейіндегі жеткілікті төсек орыны бар.Әр жылдары бұрынғы факультеттік терапия кафедрасы, қазіргі №1 ішкі аурулар кафедрасында Г. П.Шигирт, А.К. Шаиро, А.П. Полякова, С.И. Логвиненко, Н.К. Гулин, А.С.Дербисалин, А.Н. Шакирова, Г.В. Лилица, М.С. Таева, Л.М. Тулегенова атақты дәрігер-ұстаздар еңбек етті.

bazargaliev

Базарғалиев Ерлан Шаймерденұлы – 2014 жылдан бастап №1 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі. 1995 жылы АқММИ-н бітірген. 1997 -1999 жылдары АқММИ госпитальды терапия кафедрасында клиникалық ординатура оқыған. 1999 – 2001 жылдары Марат Оспанов атындағы БҚММА-ның дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінде, терапия кафедрасының ассистенті қызметін атқарды. 2001 – 2009 жылдары – факультеттік терапия кафедрасында ассистент қызметін атқарды, 2009 жылдан бастап кафедра доценті. 2009 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2019 жылы БҒСБК(ККСОН)-н ассоцирленген профессор атағын алды. Жоғары санаттағы дәрігер терапевт,гастроэнтеролог. Басым ғылыми қызығушылығы: «Ішкі органдар ауруларын диагностикалау және емдеу әдістері». Жетістіктері: 100-ден астам ғылыми басылымдардың авторы, оның ішінде: 4 – WebofScience базасында; 10 – Scopus-та; РИНЦ – 18, 11 авторлық куәлік, дәрігерлерге арналған 5 оқулық. Хирш индексі: WebofScience – 2; Scopus – 6. Ассоцирленген профессор Базарғалиевтің Е.Ш. жетекшілігімен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүзеге асырылады: магистрлер – 2; РhD – 1 дәрігерлері, Батыс Қазақстанның барлық өңірлері үшін резидентурада 30-дан астам гастроэнтеролог маман даярланды және практикалық денсаулық сақтауға шығарылды. Университеттің үздік оқытушысы 2009 жылы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» 2020 жылы.

kudabaeva1

Медицина ғылымдарының кандидаты Х. И. Кудабаева 2010–2012 жыл аралығында №1 ішкі аурулар кафедрасында жетекшілік етті.Кудабаева Хатимя Ильясовна м.ғ.к., профессор Астрахань мемлекеттік медицина институтын 1987 тәмамдаған. 1987 – 1994 жыл аралығында Торғай облысында дәрігер-терапевт, эндокринолог қызметтерін атқарған. 1994 – 2007 жылдары – факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, 2007 жылдан бастап – доцент міндетін атқарушы. 2009 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2019 жылы БҒСБК(ККСОН)-н ассоцирленген профессор атағын алды. 60 – тан астам ғылыми еңбектері жарияланды. Терапия және эндокринология бойынша жоғарғы санатты дәрігер. «Ішкі аурулар» және «Эндокринология» мамандықтары бойынша ҚР ДСМ – нің тәуелсіз эксперті болып қызмет жасайды. Жетістіктері: 120 – дан астам ғылыми басылымның авторы, оның ішінде: 6– WebofSciences базасында; 12 – Scopus-та; РИНЦ-18, 15-авторлық куәлік, 5-дәрігерлерге арналған оқу құралы. Хирш Индексі: WebofSciences-3; Scopus-7. Профессор Х.и. Кудабаеваның басшылығымен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярланады: магистрлер – 3; РhD – 3 докторлары, Батыс Қазақстанның барлық өңірлері үшін резидентурада 35-дан астам гастроэнтеролог маман даярланды және практикалық денсаулық сақтауға шығарылды. “ҚР Денсаулық сақтау үздігі” – 2018ж., ЖОО үздік оқытушысы-2020ж.

aringazina

Арингазина Райса Абдижаппаровна 1988 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина инситутының емдеу факультетін тәмамдады. Терапия бойынша интернатурадан кейін Орал облысының Темір жол ауруханасында дәрігер-терапевт болып еңбек жолын бастады. 1992-1994 жылдары профессор, м.ғ.д. Е.Г. Перепелкиннің жетекшілігімен клиникалық ординатураны өтті. 1994-2005 жылдары факультеттік терапия кафедрасының ассистенті. 2004 жылы кандидаттық диссертациясын «Влияние бета-блокаторов с сосудорасширяющим действием на гемодинамику и содержание оксида азота в крови у больных гипертонической болезнью» тақырыбында профессор, м.ғ.д. О.А. Адибаевтың жетекшілігімен Алматы қаласындағы кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның диссертациялық кеңесінде қорғады. 2006-2009 жылдары факультеттік терапия кафедрасының доценті. 2009 жылы Жоғарғы аттестациялау комиссиясының шешімімен доцент атағын алды. 2009 – 2013 жылдары госпитальды терапия кафедрасының доценті. 2020 жылдан бастап №1 ішкі аурулар кафедрасының профессоры. Ғылыми бағыты жүрек-тамыр жүйесі патологиясын диагностикалау және емдеу. Жетістіктері: 110 – нан астам ғылыми басылымның авторы, оның ішінде: 4– WebofSciences базасында; 6-Scopus-та, 10-авторлық куәлікте, 6-дәрігерлерге арналған оқу құралы. Хирш Индексі: WebofSciences-1; Scopus-3. Өнертабысқа үш алдын ала патенті және авторлық куәлігі бар. Жоғары санатты дәрігер-терапевт, кардиолог. “ҚР Денсаулық сақтау үздігі” – 2020ж. 

kollektiv

   Қазіргі кезде №1 ішкі аурулар кафедра ұжымында 2 профессор, 1 доцент, 11 ассистент және 2 лаборант жұмыс жасайды. Кафедраның дәрежесі 50,0%. Жоғары санатты 6 ұстаз. Ұстаздардың дәрігерлік өтілі 3 –тен 42 жылды құрайды. Қазіргі уақытта №1 ішкі аурулар кафедрасында жұмыс істейді: профессор – Кудабаева Х.И., Арингазина Р.А.; ассистент-Зеленцова С.Ф. Турдалина А.К., м.ғ.м., Космуратова Р.Н. Дандагариева Ж.С., м.ғ.м. Жаманкулова Д.Г., Макашева М.С., Калжанова М..Ж., Рысмаганбетов С. С., Исаева., м. ғ. к., Садықова Э. Б. Қаратаева Ж. С.Зеленцова Сания Фазлахматовна 1979 жылы АқММИ-н тәмамдаған. 1987 – 1997 жылдары ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті , 1997 – 1999 жылдары – факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, 1999 – 2001гг. – дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінің ассистенті. 2001 жылдан бастап факультеттік терапия кафедрасының ассистенті қызметін атқарады. Жоғары санатты дәрігер.Турдалина Айгуль Каиргалиевна 1988 жылы АқММИ – н тәмамдаған. 1993 – 1995 жылдары госпитальды терапия кафедрасында клиникалық ординатура оқыған. 1995 – 2002 жылдары госпитальды терапия кафедрасының ассистенті. 2002 жылдан бастап факультеттік терапия кафедрасының ассистенті. Жоғары санатты дәрігер.Космуратова Райкул Насреддиновна 1996 жылы АқММИ-н тәмамдаған. 1997 – 2000 жылдары дәрігер-терапевт болып жұмыс жасады. 2001 – 2008 жылдары патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті. 2011 жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады.. Қазіргі уақытта докторантурада оқып жатыр.Дандагариева Жанна Сарсенбаевна 1996 жылы АқММИ-н тәмамдаған. Оқу бітіргеннен кейін участкелік терапевт болып жұмыс істеді . 2014 жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады.. Жоғары санатты терапевт дәрігер.Жаманкулова Дамира Гиниатовна 1998 жылы АқММИ-н тәмамдаған. Оқу бітіргеннен кейін учаскелік терапевт болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады. Қазіргі уақытта докторантурада оқып жатыр.Калжанова Марина Жамагатовна 2003 жылы АқММИ-н тәмамдаған 2003 – 2007 жылдары Актюбе Медициналық Колледжде жұмыс жасады . 2008-2017 жж дәрігер эндокринолог болып жұмыс жасады. 2017жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады.Рысмаганбетов Сагындык Сансызбаевич 2015 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ бітірген. Оқу бітіргеннен кейін ЖТД болып жұмыс істеді. 2016-2018 жж аралығында «Гастроэнтерология, оның ішінде балалар гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентураны бітірген. 2018 жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады.Исаева Айгерім Қуанышқызы 2016 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ бітірген. 2016-2018 жылдар аралығында «Гастроэнтерология, оның ішінде балалар гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентураны бітірген. 2018 жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады.Каратаева Жулдызай Сагиевна 2012 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ бітірген. 2012-2015 жж аралығында «Кардиология, оның ішінде балалар кардиологияся» мамандығы бойынша резидентураны бітірген.2015-2019жж АМО-да дәрігер терапевт болып жұмысды. 2020 жылдан бастап №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарады.Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы№1 ішкі аурулар кафедрасында 3, 4 курс студенттері «Ішкі аурулар» пәндері бойынша сабақ жүргізіледі. Кафедрада: «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары бойынша студенттер және “гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы” және “Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы” мамандықтары бойынша резиденттер білім алады. Барлық ұстаздардардың тәжірибесі жоғары, оқыту әдістерін жіті меңгерген және сабақтар жоғары деңгейде жүргізіледі. Сабақтар оқытудың инновациялық әдістерін (TBL СBL PBL), клиникалық хаттамаларды және «стандартталған пациент» әдістемесін қолдана отырып өткізіледі.Кафедраның ғылыми жұмысы№1 ішкі аурулар кафедрасы ғылыми жұмысқа белсенді түрде ат салысады. Кафедра қызметкерлері кезінде Москва, Алматы, Ақтөбе қалаларында өз еңбектерін қорғаған. Диссертациялық жұмыстар әртүрлі шифрмен орындалған: ішкі аурулар, кардиология, эндокринология, клиникалық фармакология, медицина.2014 жылдан бастап кафедра 2 докторлық диссертация қорғалды (докторанттар: Кошмагамбетова, Батырова Г.А.), 5 магистрлік диссертация (магистранттар: Космуратова Р.Н., Жаманкулова Д.Г., Демеуова А.К., Алиев. О.М., Байзулина А.О.).2019 жылдан бастап кафедрада «Қазақ популяциясының семіздік молекулалық-генетикалық аспектілері» ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде 2019 – 2021 жж.Ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында 2 докторантты қорғау жоспарлануда.ҒЗЖ нәтижелері БҚМУ білім беру технологиясының базасы болып табылады. ҒЗЖ орындау нәтижесінде ғылымның қазіргі жағдайына сәйкес кафедраларға бекітілген оқу пәндерінің мазмұны жаңартылады, жаңа оқу құралдары, проблемалық дәрістер, әдістемелік нұсқаулар жасалады, оқытушылардың біліктілігі арттырылады.Кафедра қызметкерлері барлығы 1000-нан астам жұмыс жариялады, 3 рационализаторлық ұсыныстың 10 өнертабысы ресімделді, 20 әдістемелік ұсынымдар шығарылды.                                                                                          

urok3

Кафедраның клиникалық жұмысы №1 ішкі аурулар кафедрасы Ақтөбе қаласындағы ең ірі клиникалардың бірі Ақтобе облыстық ауруханасында, орналасқан. 14 ұстаздың ішінде, әртүрлі мамандықтар эндокринология, терапия бойынша 9 –еуі жоғары санатты. Төмендегі мамандықтар бойынша сертификаттары бар: гастроэнтерология, эндокринология, кардиология. Ұстаздардың дәрігерлік өтілі 3 –тен 42 жылды құрайды.Кафедраның 2 қызметкері ҚР ДСМ тәуелсіз сараптамашы болып, аналар өліміне қарсы күрес бойынша аттестациялық комиссия құрамына кіреді. Тәжірибелі жетекшілердің арқасында – дәрігерлердің тәжірибесі артып келеді. Күнделікті профессорлық-оқытушылық құрамның басшылығымен ауруханада таңертеңгі дәрігерлік конференция өткізіліп, ауыр науқастарға талдау жасалып, кезекші дәрігерлердің есебі талқыланды.Профессор-оқытушылар құрамы АОБ бөлімшелерінде, соның ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде консультативтік көмек көрсетеді. Кафедра студенттерінің ғылыми үйірмесі

urok4

 Студенттердің ғылыми ұйымы (СҒҰ)» 1960 жылы №1 Ішкі аурулар кафедрасының іргетасымен бірге қаланған. СҒҰ-ның алғашқы жетекшісі, кафедра меңгерушісі Дудченко М.А., әр жылдардағы СҒҰ мүшелері АқММИ, БҚММА, БҚММУ түлектері ғылыми жұмыстары арқасында және практикалық денсаулық сақтау барысындағы қосқан үлестерімен әлемге әйгілі болып отыр.Студенттер мен резиденттердің ғылыми зерттеулерге қатысуы:”Қазақ популяциясындағы 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардағы латентті аутоиммундық диабеттің жиілігі және корреляциясы (пилоттық зерттеу)” 2019ж. жетекшісі – м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Базарғалиев Е. Ш. зерттеуші – 2 жыл Ан Э.Кафедраның тәрбие жұмысыТәрбие жұмысы белсенді жүргізіледі: жыл сайын студенттермен президент жолдауы талқыланады, жатақханаларда түрлі тақырыптарға әңгімелесулер өткізіледі.