Сөзінің авторы: Б. Нұрмұхамедов (Марата Оспанов атындағы БҚМУ студенті)
1 шұмақ
Қымбат қой атың маған,
Оқитын білім ордам.
Мың сырлы, сегіз қырлы,
От болып лапылдаған
Ғылымға асық ғалам!
Қайырмасы:
Оспанов, Универім-ай
Саған ғашық мен бір бала ем
Оспанов, Универім-ай
Бас иеді саған бар әлем
2 шұмақ
Ақ халат ғажап қандай
Кетпессің талаптанбай
Спорт пен өнерге де
Бейім ғып жаратқандай
Қалмаңдар қанаттанбай
Қайырмасы:
Оспанов, Универім-ай
Жанға жылу сыйлап халыққа
Оспанов Универім-ай
Биікте әркез самға қалықта
3 шұмақ
Дәрігер, студентім-ай,
Жарқын болсын болашағың ай
Дәрігер студентім-ай
Күлімдесең жарасар күн ай