«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ студенттерінің әнұраны – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ студенттерінің әнұраны

Сөзінің авторы: Б. Нұрмұхамедов (Марата Оспанов атындағы БҚМУ студенті)

1 шұмақ

Қымбат қой атың маған,

Оқитын білім ордам.

Мың сырлы, сегіз қырлы,

От болып лапылдаған

Ғылымға асық ғалам!

Қайырмасы:

Оспанов, Универім-ай

Саған ғашық мен бір бала ем

Оспанов, Универім-ай

Бас иеді саған бар әлем

2 шұмақ

Ақ халат ғажап қандай

Кетпессің талаптанбай

Спорт пен өнерге де

Бейім ғып жаратқандай

Қалмаңдар қанаттанбай

Қайырмасы:

Оспанов, Универім-ай

Жанға жылу сыйлап халыққа

Оспанов Универім-ай

Биікте әркез самға қалықта

3 шұмақ

Дәрігер, студентім-ай,

Жарқын болсын болашағың ай

Дәрігер студентім-ай

Күлімдесең жарасар күн ай