Стратегиялық серіктестік офисі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Стратегиялық серіктестік офисі

Стратегиялық серіктестік офисі университеттің беделін халықаралық білім кеңістігінде ілгерілету және университеттің ішкі және сыртқы нарықтағы позициясын нығайту, стратегиялық серіктестік арқылы озық халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында университеттің стратегиялық серіктесімен ынтымақтастықты ұйымдастыруды, үйлестіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Стратегиялық серіктестік офисі қызметінің мақсаты университеттің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануына ықпал ету, стратегиялық серіктестік бағдарламасын іске асыру арқылы білім беру, ғылым, клиника саласында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бұған дейін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық серіктестік департаментінің стратегиялық серіктестік бөлімі ретінде жұмыс істеген. 2019 жылдың күзінен бастап жеке құрылымдық бөлім – стратегиялық серіктестік офисі ретінде бөлінді. Қызметін стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректордың тікелей жетекшілігімен атқарады.


Офистің құрамына жетекші С.К.Бермағамбетова және офис мамандары А.Г. Сарсембаева, К.А.Бокаева кіреді.
Стратегиялық серіктестік офисінің байланыс мәліметтері:
Мекенжайы: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 70 үй, 2 ғимарат, 401 каб.
Телефон: 54-56-85
E-mail: sp.office@zkmu.kz