Кадрларды есепке алу бөлімі

Кадрларды есепке алу бөлімі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
– штат кестесі шегінде кадрларды есепке алу бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру, университетті қажетті санымен уақтылы қамтамасыз ету;
– ұжымның тұрақтылығы және университет кадрларының тұрақсыздығын төмендету жұмыстарын ұйымдастыру;
– кадрларды тиімді пайдалану, оларды оңтайлы орналастыру және университет бөлімшелері шегінде ауыстыру жұмыстарын жүргізу;
– еңбек тәртібін күшейту және жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;
– кәсіби бағдар беру, кәсіби іріктеу және кадрларды кәсіби бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
– жеке құрамды есепке алу, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес барлық санаттағы жұмыскерлерді қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру және ауыстыруды рәсімдеу;
– даярлау, қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Кадрларды есепке алу бөлім қызметкерлері:

Әлшенова Гүлжайнара Тұрарқызы-кадрларды есепке алу жөніндегі бөлім басшысының м. а., байланыс телефоны: 54-07-86;

Отарбаева Ақнұр Еркінбекқызы-кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы, байланыс телефоны: 54-07-86;

Саликова Толғанай Талғатқызы-кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы, байланыс телефоны: 54-07-86;

Ахметова Ардақ Түлкібайқызы-кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы, байланыс телефоны: 54-07-86;

Нағиева Мөлдір Абидуллақызы-кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы, байланыс телефоны: 54-07-86;

Ақтоты Айдарқызы Төлеуова-кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы, байланыс телефоны: 55-20-58;

Тынышбай Алмагүл Саматқызы – кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы байланыс телефоны: 54-07-86;

Жанадилова Әсел Берікқызы – кадрларды есепке алу бөлімінің инспекторы байланыс телефоны: 54-07-86;

email: ok@zkgmu.kz

Бөлімнің функциялары:

• Кадрлар бөлімі қызметкерлердің (ЖОО тиісті бөлімшелерінің жетекшілерімен бірлесе отырып) іріктелуін және орналастыруын жүзеге асырады;
• ЖОО қызметкерлерін жұмыстан босату, ауыстыру, қабылдауды ресімдейді;
• ЖОО қызметкерлерінің жеке іс қағаздарын жүргізеді;
• барлық санаттағы қызметкерлердің дербес және статитикалық есебін жүргізеді;
• еңбек кітапшалары мен олардың есепке алуын жүргізеді;
• университет қызметкерлеріне марапаттау мәліметтерін дайындайды;
• университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің, ғылыми, оқу-көмекші және әкімшілік персоналдың жыл сайынғы штаттық кестесі мен тарифтеуді әзірлеу және құру жұмыстарына қатысады;
• науқастанғанда, зейнетақыны ресімдегенде арнайы сақтандыру бойынша жәрдемақының көлемін белгілеу үшін ЖОО қызметкерлеріне жалпы және үздіксіз еңбек өтілін тағайындайды;
• ЖОО барлық санаттағы қызметкерлеріне анықтама береді;
• белгіленген нұсқамаға сәйкес бөлімнің барлық жұмысын және іс қағаздарын жүргізеді;
Кадрлар бөлімінің жұмыс көлемі құжатайналымның ұлғаюына және бөлімнің жұмысын анықтайтын нұсқаулық талаптардың күшеюіне байланысты жыл сайын өсіп келеді.
• 1С кадрлық автоматтандырылған бағдарламасы жүргізілуде.