"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ тарихы 1957 жылдан бастау алады.
«Батыс және Солтүстік-Батыс Қазақстанды білікті дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында...» СССР жоғары білім министрлігінің бұйрығымен 1957 жылы 1 қыркүйекте «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (АқММИ) ашылды.
Институттың бірінші ректоры болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, кейіннен медицина ғылымдарының докторы, академик А.Б.Дайыров тағайындалды.
Институттың ашылуы Қазақстанның медициналық білімі мен ғылымының дамуына бастау салды. Бірінші оқытушылар СССР-дың жетекші медициналық институттарынан келді. Оқу процесі қысқа мерзімде ұйымдастырылып, студенттердің бірінші қатарын қабылдау жүргізілді және Ақтөбе жерінде жаңа жоғары оқу орнының дамуы басталды.