Биомедициналық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша жұмыс ұйымдастыру, сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға (докторант, магистрант, резидент, студент) кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету.
Биостатистика секторының қызметкерлерінің негізгі міндеттері – медициналық-эпидемиологиялық зерттеулерді математикалық және статистикалық қамтамасыз ету бойынша жұмысын ұйымдастыру, SPSS 25 нұсқа және Statistica 10 нұсқа бағдарламалық пакет бойынша алынған нәтижелер туралы қысқаша ақпарат беру.
Кез келген іргелі немесе тәжірибелік ғылыми зерттеуаяқталғаннан кейін, алынған мәліметтердің статистикалық талдауы жүргізіледі. Статистикалық талдауды сапалы жүргізу және қойылған мәселелерді шешу үшін зерттеу жақсы жоспарланған болуы керек. Мәселені маманға дұрыс баяндау үшін кем дегенде зерттеуді бастамас бұрын статистиканың принциптерін түсіну қажет. Сондықтан сектордың жұмысын 3 кезеңге бөлуге болады: 1) белгілі бір тақырып бойынша деректерді статистикалық өңдеуге өтінім беру, ал деректер базасын Microsoft Excel форматында бөлімнің электрондық поштасына жіберу: omnid@zkgmu.kz; 2) жиналған мәліметтердің толтырылуын және дұрыстығын тексеру (яғни электрондық кестелерді толтыру ережелері бар); 3) деректер базасын статистикалық өңдеу(жұмыс аяқталғаннан кейін биостатистика секторының талдаудың түрлері мен нәтижелері бойынша анықтама беріледі);