Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Кәсіподақ ұйымының тарихы
Университеттің кәсіподақ ұйымы институт құрылғаннан, яғни 1957 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ол әрдайым ЖОО ғана емес, қала мен облыстың медициналық қызметкерлері кәсіподағының белсенді құрамды буыны болды.
Университеттің кәсіподақ құрамына ПОҚ, университеттің көмекші персоналы мен студенттерінің әлеуметтік қорғау ісіне ректоратпен бірлесіп өз үлесін қосатын қызметкерлер кәсіподағы мен студенттер кәсіподағы жатады.
Кәсіподақ комитетінің жұмыс тәжірибесіне профессорлық-оқытушылар құрамының, қызмет пен бөлім қызметкерлерінің еңбек жағдайы туралы әкімшілікпен ұжымдық келісім шарттар жасасу, қызметкерлерге көп жылғы ерен еңбегі үшін материалдық көмек көрсету, марапаттау сияқты әлеуметтік қорғау түрлері жатады. Сонымен қатар, кәсіподақ әр жылда университет қызметкерлерінің шипажайға және демалыс үйіне берілген жолдамасын төлеуге және саяжай телімін алуға көмек көрсетіп келеді.
Университет кәсіподақ ұйымының күнделікті жұмысына қызметкерлерді сауықтыру да кіреді. Өз уақытында оның қолдауымен «Атлант» жазғы спорттық-сауықтыру лагері жұмыс істеді, жыл сайын қызметкерлер мен студенттердің медициналық алдын-алу мақсатымен қараулары ұйымдастырылады, қажет болғанда тұмаудан вакциналау жүргізіледі, денсаулық топтары мен басқа да акциялар ұйымдастырылады. Кәсіподақ комитеті соғыс және еңбек ардагерлерін, мерейтой иелерін құттықтауға, мерекелік шараларға жігерлі қатысады.
Университеттің кәсіподақ ұйымының жұмысына биология кафедрасының доценті С.Н.Гордина (1957-1959 жж.), сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі И.С. Зимник (1960-1962 жж.), орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Полякова (1963 ж), жалпы гигиена кафедрасының ассистенті В.И.Юрченко (1964 ж.), тері аурулары кафедрасының меңгерушісі С.Г.Қозбағаров (1968-1973 жж.), қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі А.А.Өтепбергенов (1970-1971 жж.), биохимия кафедрасының доценті Л.И.Войтович (1973-1978 жж.), биофизика кафедрасының доценті А.Г.Логвиненко (1978-1982 жж.), шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Н.Р. Малиновская (1982-1995 жж.), фармакология кафедрасының доценті Л.К.Кажанова (1995-2000 жж.), онкология кафедрасының доценті В.И.Поляков (2000-2002 жж.), госпиталды хирургия кафедрасының ассистенті У.Г.Қарсақбаев (2003-2004жж), қалыпты физиология кафедрасының доценті О.В.Киёк (2004-2005 жж.), қалыпты анатомия кафедрасының доценті Л.И.Иванова (2006-2007 жж.), Медицина орталығы зертханасының меңгерушісі К.И.Кубенова (2008-2011 жж.) зор үлес қосты. Кәсіподақтың төрайымдары/төрағалары болған олар ЖОО қызметкерлерінің мүддесі мен кәсіподақ жұмыстарымен де белсене айналысты.
Қазіргі таңда медицина университеті қызметкерлерінің кәсіподағын Гаухар Аққонысқызы Молдина (2011ж.бастап) басқарады.
Бүгінгі күні кәсіподақ ұйымы озық дәстүрлермен өз жұмысын жалғастыруда. «Ұжымдық келісім-шарт туралы» заңға сәйкес кәсіподақ комитеті мен университет әкімшілігінің арасында кезекті ұжымдық келісім шарт жасалды.
Зейнетке шығатын және көп жыл ерен еңбек еткен тұлғаларды марапаттау үшін, қызметкерлердің жеке шағымы бойынша материалдық көмек мәселелерін қарастыру үшін ректораттың қолдауымен университеттің барлық қызметкерлеріне материалдық көмек көрсететін кәсіподақ комиссиясы құрылды.
Көмекке мұқтаж барлық студенттер мен қызметкерлерге жыл сайын кәсіподақ бюджетінің есебінен материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ мұндай көмек университеттегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлеріне көрсетіледі.
Кәсіподақтың қолдауымен әрекеттегі заңнамаға сәйкес зиянды жағдайларда жұмыс жасайтын университет қызметкерлері арнайы тамақ(сүт тағамы), еңбекақысына үстеме алады.
Базадағы жоғары білікті мамандардың заманауи диагностикалық техникаларды қолдануымен қызметкерлер жыл сайын медициналық алдын-алу мақсатымен қараулардан өтеді.
Университет қызметкерлердің шипажай-курорттық емделулеріне және студенттерді сауықтыруға қаражат бөледі. Сондай-ақ университет кәсіподағы және әкімшілігі қызметкердің материалдық жағдайына байланысты жолдама бағасының 30-100% дейін мөлшерін төлеуге көмектеседі.
Университет қызметкерлерінің кәсіподағы жеке арыздары бойынша университет қызметкерлері балаларының демалу және сауықтыру жолдамасының жарты ақысын төлей отырып ұйымдастырады. Университетте университеттің студентері мен қызметкерлері қатысатын «Денсаулық» тобы жұмыс жасайды, кәсіподақпен қаржыландырылатын спорттық жарыстар өткізіледі.
Университеттің кәсіподақ ұйымы университеттің өмірлік іс- әрекетін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады, соның ішінде әкімшілікпен бірлесе отырып қызметкерлердің еңбегін қорғау, материалдық көмек көрсету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақы, шәкіртақы, сауықтыру мекемелеріне жеңілдіктер мен тегін жолдамалар төлеу мәселелері шешіледі, жатақханада орындардың берілуін бақылайды.
Орындардағы (кафедра, бөлім, қызмет жанындағы) тиісті кәсіподақ комиссиялары университеттің студенттері мен қызметкерлері арасында тәрбие, мәдени-бұқаралық, патриоттық және спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал етеді.
Кәсіподақ комитетінің түрлі мәселелерді шешуіне тура келеді. Университет әкімшілігі әлеуметтік мәселелерді шешуде кәсіподақ комитетінің басым екендігін мойындайды. Кәсіподақ комитетінің мүшелері кәсіподақ мүшелерін тұрақты әлеуметтік қорғау мақсатында барлық күшін салады. Кәсіподақ ұйымы өз жұмысы үшін облыстық медициналық қызметкерлер кәсіподағының грамоталарымен бірнеше рет марапатталды.
Студенттік кәсіподақтың комитетінің жетекшісі Жангелді Мырзагелдіұлы Шаймбетов (2011ж. бастап) болып табылады.
Кәсіподақ жиналыстары мен конференцияларында университет қызметкерлері мен оның студенттерін әлеуметтік қорғаудың стратегиялық және ағымдағы мәселелері шешіледі. Студенттік кәсіподақтың қызметіне студенттерді жатақханаға орналастыру мәселелерін шешу, жыл сайынғы университеттік қайырымдылық балын, студенттерге арналған демалыс кештерін, жаңа жылдық және басқа да мерекелік шараларды ұйымдастыру және өткізу, шипажай және профилакторияға жолдама бөлу, спартакиадалар, балаларды қорғау күніне акциялар, қарттар үйінде және мүгедектерге қайырымдылық күндерін өткізу жатады.