“Visiting professor” бағдарламасы

Visiting-professor бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі-профессорлар:

– Өтініш;

– Төлқұжат (жеке куәлік);

– Шақыру хат (университет ректорының атына шақырылатын оқытушы);

-Келісім-хат (оқытушының келуін растайтын құжат);

– Сертификаттардың (дәрежелердің) көшірмелері);

– Дәріс жоспары (топ пен мамандықты көрсету міндетті);


“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КЕАҚ-ға 2020 жылы шақырылған визитинг – профессорлардың үлесі бойынша индикаторлар көрсеткіштерін орындау туралы

Visiting professors


2023 жылдың қыркүйек айынан бастап 4 визитинг профессор өздерінің дәрістерін, шебер класстарын және операцияларын өткізді.

1. № 2 хирургиялық аурулар кафедрасына профессор, Астрахан мемлекеттік медицина университетінің Жалпы хирургия кафедрасының жетекшісі Топчиев Михаил Андреевич келді. № 2 хирургиялық аурулар кафедрасының жетекшісі Жакиев Базылбек Сағидоллаұлы мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы шетелдік профессорға зор алғыстарын білдіріп, академиялық және ғылыми бағыттағы серіктестікті одан әрі жалғастыруға үміт күтеді.

Топчиев Михаил Андреевич

2. Балалар хирургиясы кафедрасының KPI және перспективалық жоспарына сәйкес 2023 жылға «Визитинг» бағдарламасы жоспарланған және жүзеге асырылған. Профессор, м.ғ. д., Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Урал мемлекеттік медицина университеті» ЖБ ФМББМ балалар хирургиясы кафедрасының жетекшісі – Цап Наталья Александровна шақырылды (Екатеринбург қ., Ресей). Профессор Н.А.Цап балалар хирургиясының жоғары білікті маманы, Ресей Федерациясының Свердловск облысының бас балалар хирургы болып табылады, сонымен қатар халықаралық академиялық қоғамдастықта үлкен беделге ие. Scopus индекстелген журналдарда 6 мақаласы бар, РИНЦ Хирш индексі– 7, Scopus – 2.

«Визитинг» бағдарламасы 16.10.-20.10.2023 жылдар аралығында БҚМУ балалар хирургиясы кафедрасында (кафедра жетекшісі А.Б.Тусупкалиев) Ақтөбе қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында (бас дәрігер Е.С.Жапахов) өткізілді.

Цап Наталья Александровна

3. 16-20 қазан аралығында №2 Балалар аурулары кафедрасында «Visiting-professor» бағдарламасы бойынша Д. Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология Ұлттық медициналық зерттеу орталығының профессоры м. ғ. д., профессор Делягин Василий Михайлович онлайн сабақтар өткізді (Мәскеу қ.).

Делягин Василий Михайлович онлайн сабақтар жүргізуде

4. 2023 жылғы 23 қазаннан бастап 27 қазанға дейін «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ-ның «Анестезиология және реанималогия» кафедрасына «Visiting professors» бағдарламасы аясында м.ғ.д., Тбилиси мемлекеттік медицина университетінің Анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры G. Kiliptary шақырылды. Ол «ZOOM» платформасында онлайн форматта оқыту іс-шараларын (анестезиолог, резидент, реаниматологтарға дәрістер, практикалық сабақтар) өткізді.