«Рухани жаңғыру» – нақты бағдар – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Рухани жаңғыру» – нақты бағдар

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көріп, оның негізінде үш жыл бұрын арнаулы бағдарлама қабылданып, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – сана-сезімімізді, ұлттық дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды одан әрі дамыту.
Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін бастама. Қазіргі қоғамға көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеу.

Ең бастысы – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным өзін – өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Бағдарлама 6 бағыттан тұрады.– «Бәсекелік қабілет»– «Прагматизм»– «Ұлттық бірегейлікті сақтау»– «Білімнің салтанат құруы»– «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы»– «Сананың ашықтығы»

Бағдарламаны іске асыру мақсатында оқу орнымызда төмендегідей арнайы жобалар аясында жұмыстар жасалуда.1. «Туған жер»2. «100 жаңа есім»3. «100 жаңа оқулық»4. «Ұлы даланың ұлы есімдері»5. «Үнем – қоғам қуаты»6. «Дәстүр мен ғұрып»7. «Құқықтық мәдениет»

Оқу орнымыздың профессорлық-оқытушылық құрамы, кафедралар, деканаттар, кураторлар және бөлімдердің ұйымдастыруымен іс-шаралар мен кездесулер, танымдық сағаттар өткізіліп отырады.