Сапа менеджменті жүйесі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Сапа менеджменті жүйесі

Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) – университете сапаның жалпы басшылығын жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық құрылымдар, әдістемелер мен ресурстар жиынтығы. Ол университетті басқару жүйесінің тік және көлбеу деңгейлерінің құрамдас бөлігі болып табылады және өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтиды. ЖОО-да СМЖ жұмыс істеуі өндірілетін өнім сапасының және/немесе көрсетілетін қызметтердің кепілі болып табылады.

2006 жылдан бастап өзінің күш-жігерін сапа Саясатын іске асыруға жіберуші сапа қызметі өз жұмысын бастады. Сапа қызметі өз жұмысында “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КеАҚ сапа саласындағы Саясатын мазмұндайтын сапа жөніндегі Басшылықты басшылыққа алады және осы Саясатты жүзегеа асыру үшін әзірленген сапа менеджмент жүйесін сипаттайды.

Сапа саласындағы біздің саясатымыз білім беру және медициналық қызметтті тұтынушылардың барлық топтарының сұраныстарын қанағаттандыру мен конструктивті ұсыныстарын жүзеге асыруға, ұжым мүшелерінде дәрігер мамандарды даярлаудағы үлестері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға және ЖОО-ның әлемдік нарық жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Біз жоғары мамандандырылған, сұранысқа ие жаңа буын дәрігерлер даярлау арқылы Батыс Қазақстан аймақтарының медициналық қызметін жетілдіруде өзіміздің қосымша үлесімізді қосып отырмыз.

Университетте жүргізілген сыртқы жаңғырту аудит нәтижесінде сапа менеджменті жүйесі сертификат жөніндегі «Русский Регистр» Ассоциясыарқылы ИСО 9001:2015 ХС талаптарынасәйкесқайта (2009., 2012., 2015., 2018., 2021 ж.ж.) сертификатталады. СМЖ қолданыста, тұрақты жақсарту қағидасына сәйкес төмендегідей дамып отыруда:

  • білім беру қызметі саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау;
  • жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау саласында қосымша кәсіптік білім беру;
  • медициналық қызметті, профилактикалық, консультативтік, диагностикалық, емдік, оңалтуды қоса алғанда;
  • теориялық, эксперименттік және клиникалық медицина саласында фундаменталді және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары