Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары бекіткен №4 ТББ іске асыру негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі (бұдан әрі – СЖТІТ) 2024 жылғы наурызда айқындалды.

Жол картасын орындау мақсатында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) 2024 жылғы 28 ақпаннан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізу ұсынылады.

СЖТІТ-дың негізгі мақсаты Университетте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу болып табылады.

Университетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарма Төрағасы-Ректордың шешімімен (бұйрығымен) құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі бағыты: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына Университет қызметін және оның ұйымдастырушылық-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау болып табылады.

Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс тобына көмек көрсетуі қажет.

Комплаенс-офицер Р. Сугралин