“Ағаш отырғызу” акциясы

2022 жылғы 29 қазанда Тұңғыш Президент атындағы саябақта Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен “Ағаш отырғыз” экологиялық акциясы өтті. Акция қоғамда табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Ағаштар мен бұталардың құнды түрлері отырғызылды.

Акцияны “Жасыл ел” еңбек жасақтары ұйымдастырды. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің проректоры Э.К.Исмагулова, декандар және оқытушылар құрамы қатысты. Және университеттің белсенді студенттері, кәсіподақ комитетінің, еріктілер клубының және басқа студенттік ұйымдардың мүшелері қатысты.

Біздің студенттер осындай бағдарламалар мен акциялардың маңыздылығын түсініп, әрдайым осындай іс-шараларға қатысады, өйткені бұл мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.