Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы

Басшылық

Кафедра жетекшісі Жармаханова Гульмира Махамбетьяровна

Ғылыми дәреже: PhD докторы

Ғылыми атақ: Қауымдастырылған профессор

Ғылыми жарияланымдар, кітаптар, монографиялар: 78 жұмыстың авторы, оның ішінде 10 оқу-әдістемелік жұмыстың, 3 оқу құралының, 1 монографияның және 58 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 13-і Web of Science және Scopus деректер базасында индекстелген рецензияланған ғылыми жарияланымдарда. 2019-2021 жж. университетішілік грант жобасының ғылыми жетекшісі (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0119RKI0243). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жобаның ғылыми жетекшісі 2022-2024 жж. (ИРН AP14869996). h-индекс – 6.

Кадрлық құрам

1.              Изтлеуов Маарат Капенович

кафедра профессоры

2.              Амин Тамадон (Amin Tamadon)

кафедра профессоры

3.              Кононец Виктория Ивановна

кафедра доценті

4.              Турганбаева Айгуль Утемисовна

кафедра доценті

5.              Сырлыбаева Ляззат Махсатовна

аға оқытушы

6.              Сатыбаева Амина Тлекеновна

аға оқытушы

7.              Самбаева Санимгуль Сериковна

аға оқытушы

8.              Мадихан Жанибек Шалкарович

аға оқытушы

9.              Есмуханова Дарига Утебаевна

аға оқытушы

10.           Емжарова Гульмира Уахитовна

аға оқытушы

11.           Ахметова Айнур Болатовна

аға оқытушы

12.           Медеуова Раушан Мырзагалиевна

аға оқытушы

13.           Салмагамбетова Гульмайра Сисембаевна

оқытушы

14.           Билкенова Акжамал Зинуловна

оқытушы

15.           Ақтаева Еркежан Еркінқызы

оқытушы

16.           Жумашева Алмагул Колганатовна

оқытушы

17.           Сакыпова Дана Сериккалиевна

оқытушы

18.           Темирбаева Асем Алгантурлиевна

оқытушы

19.           Шуренова Махаббат Бисенбаевна

оқытушы

Құрылу тарихы

Жаратылыстану-ғылыми пәндері (ЖҒП) кафедрасы 1999 жылы екі медициналық биофизика, медициналық биология және медициналық генетикамен кафедраларын біріктіру нәтижесінде ұйымдастырылды.

ЖҒП кафедрасының жетекшілері:

  • профессор, м.ғ.к. Изтлеуов Марат Капенович (1999-2002)
  • б.ғ.к. Калиева Кунсулу Дальтоновна (2002-2003)
  • х.ғ.к., доцент Дильмагамбетов Саруар Нургалиевич (2003-2005)
  • м.ғ.д. Изтлеуов М.К. (2005-2017)
  • PhD Жармаханова Гульмира Махамбетьяровна (2017ж. бастап)

Медициналық биофизика кафедра:

Меңгерушілері:

  • 1957 жылдан 1982 жылға дейін б.ғ.к., доцент Г.Я.Красношлыков
  • 1982 жылдан 1995жылға дейін м.ғ.к., проф. М.К.Изтлеуов

Медициналық биофизика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, доценттер: А.О.Отаров ф-м.ғ.к, В.В. Глущенко б.ғ.к., О.М.Шабанова б.ғ.к., А.Г.Логвиненко б.ғ.к., оқытушылар: С.С.Тұнгатарова, А.И.Беккожина, В.Ф.Вертелецкая, А.А.Тасимова, О.Н.Нугманов, Г.Б.Тугжанова, Г.Б.Биханова, К.М.Кибатаев, Г.Г.Еримбетова.

Медициналық биология және генетика кафедраның кадрлық құрам:

Меңгерушілері:

  • б.ғ.к., доцент Гордина С.Н. (1957-1971)
  • б.ғ.д., профессор Бегалиев А.Б. (1971-1985)
  • м.ғ.к., доцент Ажаев С.А. (1985-1990)
  • м.ғ.к., доцент Туребеков А.А. (1990-2010)

Медициналық биология мен генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: доцент, б.ғ.к. Бакиев И.С.; оқытушылар: Минсеитова С.Р. к.м.н., Кдыргалиева Г.Г.; Туребаев М.Н., Елемесова М.Ш., Джусупкалиева М.М., Корнева И.Н., Жанабаева С.К., Слесарева Н.И., Исаева Б.Ш.

Мақсаты – студенттердің оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыру.

Қызметі

2010 жылдан бастап ЖҒП кафедрасының молекулалық биология курсы «Магистратура» және «Докторантура» білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды бастады. «Медицина» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы аясында 5 медицина ғылымдарының магистрі дайындалды (Жармаханова Г.М., Сырлыбаева Л.М., Күзденбаева Г.Е., Батырова Г.А., Кононец В.И.). 2015 және 2019 жылдары кафедра оқытушылары (Жармаханова Г.М., Батырова Г.А.) PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.

Кафедрадағы оқу үрдісін жетілдірудің маңызды жолдарының бірі оқу үдерісіне оқытудың инновациялық әдістерін кеңінен енгізу болды; техникалық оқыту құралдарының әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, проблемалық оқыту (PBL), командалық оқыту (TBL).

Профессор М.Қ.Ізтілеуовтің жетекшілігімен: 5 докторлық, 15 кандидаттық және 6 магистерлік диссертациялар қорғалды; 13 оқу-әдістемелік кешен, 2 монография және 3 оқулық шығарылды; өнертабыстар – 2, патенттер – 2, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы авторлық куәліктер – 8.

2023жылдан бастап жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрада Иранның Шираз қаласындағы Медицина ғылымдары университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD, PerciaVista R&D Co компаниясының негізін қалаушы Амин Тамадонның (h-индексі -23) жұмыс істейді. Профессор Тамадон келесі тақырыптар бойынша семинарлар өткізеді: «Регенеративті медицина», «Жасушалар мен ұлпаларды бейнелеудің жаңа технологиялары», «Ғылыми медициналық мақалаларды жазу және жариялау», «Биостатистика». 2024 жылдың 13 наурызынан бастап профессор оқытушылар құрамы мен студенттер үшін Journal Club Discussions пікірталас клубын бөлек жүргізе бастады.

Жетістіктері

Жобалар туралы ақпарат:

Университетішілік жобалар

  • «Хром қосылыстары мен иондаушы сәулеленудің организмге бірлескен әсерінің биомедициналық аспектілері (эксперименттік зерттеу» 2019-2022 жж. (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0119RKI0241) Жоба жетекшісі – м.ғ.д., проф. Ізтілеуов М.Қ.
  • «Хром және гамма-сәулеленудің оқшауланған және аралас әсерінен егеуқұйрықтар мен олардың ұрпақтарында репродуктивті функцияның уытты әсерін түзету» 2023-2024 (AP14870524). Жоба жетекшісі – м.ғ.д., проф. Ізтілеуов М.Қ.
  • «Тандемдік масс-спектрометрияны пайдалана отырып, зат алмасудың тұқым қуалайтын ауруларды селективті скринингті енгізудің ғылыми негіздерін әзірлеу» 2019-2021 ж. (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0119RKI0243). Жоба жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Жармаханова Г.М.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2022-2024 гранттық қаржыландыру:

«Зат алмасудын тұқым қуалайтын аурулардың неонатальды селективті скрининг бағдарламасына тандемдік масс-спектрометрия технологиясын енгізудің ғылыми негіздемесі» (ИРН AP14869996). Жоба жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Жармаханова Г.М.

Байланыс

Молекулярлық биология және медициналық генетика курсы; Ақтөбе қ. Маресьева 66, 1 оқу корпусы, 3 қабат; Пәндер блогы АКТ, биофизика, биостатистика: Маресьева к-сі, 70, 2 оқу корпусы, 2 қабат; e-mail: cend@zkmu.kz

Фотогалерея

Жаратылыстану пәндер кафедрасы ұжымы

Шетелдік профессор Амин Тамадонның семинарлары