Ғылыми – зерттеу қызметінің менеджмент бөлімі

Басшылық:

Бөлім жетекшісі – Абитова Анара Жумабековна, 2003-2009 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алды, дәрігер-гигиенист эпидемиолог, медицина ғылымдарының магистрі. Әр жылдары гранттық және мақсаттық-бағдарламалық қаржыландырылатын республикалық, халықаралық және университетішілік жобаларға белсене қатысып, университетішілік қаржыландырылатын жобаға жетекшілік етті, отандық және халықаралық басылымдарда мақалалар мен тезистер шығарды, авторлық қорғау құжаттарын алды және зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізді.

Кадрлық құрам:

Ашимова Жанат Болатбековна – патент секторының аға ғылыми қызметкері;

Кадыргулова Асель Маратовна – клиникалық эпидемиология секторының ғылыми қызметкері;

Еримбетова Гульмира Галымовна – биостатистика секторының ғылыми қызметкері;

Гайсиева Жанылсын Нурболатовна – биостатистика секторының кіші ғылыми қызметкері;

Үмбетова Әйгерім Айтбайқызы – биостатистика секторының кіші ғылыми қызметкері;

Шилдебаева Гулназ Танатаровна – коммерциаландыру секторының кіші ғылыми қызметкері

Жумагалиева Салтанат Койлановна – биостатистика секторының аға ғылыми қызметкері

Құрылу тарихы:

Ғылыми-зерттеу қызметінің менеджмент бөлімі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлімнің тарихы 2010 жылдан бастау алады. Бөлім алғашқыда «Инновациялық даму және жоғарғы технологиялар трансферті» деп аталды және Ғылыми-практикалық орталықтың құрамында болды. Бөлімнің негізгі қызметі университеттің инновациялық қызметі және ғылыми-техникалық реформалау бойынша ғылыми-техникалық даму басымдылықтарының өңделуі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бәсекеге қабілеттілігін көтеру болып табылды. Ғылыми зерттеулердің қорытындыларын коммерциализациялау, инновациялық ғылыми жобалар және зерттемелерге шетел және отандық инвестицияларын жұмылдыру үшін шарттар және жаңа технологиялар, инновацияны дамыту, қалыптастыру жатады. 2016 жылы бөлім атауы Ғылыми және инновациялық қызмет менеджменті бөлімі деп өзгертілді. 2019 жылы қазіргі атауға ие болды.

Мақсаты:

Ғылыми зерттеулерді жоспарлау бойынша кеңес беру және құжаттарды әзірлеу, ғылыми зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру.

Бөлімнің қызметі:
– Патентке, авторлық құқыққа және ғылыми жұмыстарды коммерциализациялау бойынша кеңес беру;
– ҒЗЖ-ның актілерін тіркеу және біріншілік патенттік-ақпараттық ізденіс анықтамаларын беру;
– Медициналық зерттеулер негізінде математикалық- статистикалық қолдау жұмыстары бойынша кеңес беру;
– Зерттеу нәтижелерінің дәлдігін және мәліметтерді статистикалық өңдеу жүргізу бойынша өтініштер мен анықтамалар беру;
– Ғылыми жұмыстарды орындау кезінде статистикалық процедураларды дұрыс таңдау бойынша кеңес беру;
– Ғылыми жұмыстарды орындау кезінде зерттеу дизайнын дұрыс таңдау бойынша кеңес беру;
– Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша клиникалық эпидемиология және биостатистика қорытындыларын беру 

Бөлім құрылымында мына секторлар қызмет етеді:

БИОСТАТИСТИКА СЕКТОРЫ

ПАТЕНТ СЕКТОРЫ

КЛИНИКАЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ СЕКТОРЫ СЕКТОРЫ

КОММЕРЦИАЛАНДЫРУ СЕКТОРЫ

Бөлімнің жетістіктері:

Ғылыми-зерттеу қызметінің менеджмент бөлімі келесідей ғылыми индикаторларды орындайды: патент пен басқа да қорғау құжаттарының саны, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру деңгейі, алынған енгізу актілерінің саны.

Қазіргі уақытта биостатистика секторында ғылыми зерттеу мәліметтерін өңдеуге арналған SPSS 25, RStudio, GraphPad Prism9 заманауи статистикалық бағдарламалары бар. Сектор жұмысы мәліметтерді статистикалық талдаудың заманауи әдістерімен толықтырылуда. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау процесінде зерттеу дизайнын таңдау және таңдамаларды анықтау бойынша кеңес беру арқылы көмек көрсетіледі.

Ғылыми және ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерциаландырудан түсетін табыс жыл сайын артуда. ҒжҒЗН коммерциаландыру шеберлік кластары мен семинарлар өткізу есебінен жүзеге асырылады. Оқытушылық қызметтегі ғалымдар әртүрлі тыңдаушылар контингентіне арналған ақылы шеберлік класстар мен семинарлар жүргізеді.

Университет ғылыми және ғылыми-зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру бойынша «Ғылым қоры» АҚ меморандум құрылған болатын. Қазіргі уақытта профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми және ғылыми-зерттеу нәтижелеріне тіркеу номерлері алынды және жыл сайын ҒжҒЗН коммерциаландырудың ең перспективті жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып келеді. Зерттеу нәтижелері тәжірибелік денсаулық сақтау саласына және оқыту процесіне енгізіліп, бөлімде тіркеуден өтеді.

Қазіргі уақытта патент секторымен 30 патент алынды, оның 16-сы өнертабысқа патент болса, 12 – пайдалы модельге және 2 – евразиялық патент. Алынған авторлық куәліктер саны – 848.

Байланыс:

Ақтөбе қ. Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 5-қабат, 513, 514 – каб. 
телефон: 8(7132) 54 37 07 
e-mail: omnid@zkgmu.kz
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-18.00 дейін (13.00-14.00 түскі үзіліс)