Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы 18.11.2011 ж. №407-ІV Заңына, 28.10.2019ж. өзгертулерімен толықтыруларымен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 10.07.2012 ж. №319-ІІІ Заңына, 11.01.2020ж. өзертулерімен толықтыруларымен, 2019-2023 жж., КеАҚ «Марат Оспанова атындағы Батыс Қазастан медициналық Университет» дамыту бағдарламасы.
Университеттің ғылыми қызметі «Ғылым туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен аккредиттеуден өтті(МК №005921 куәлік).
Марат Оспанов атындағы БҚМУ – Қазақстанның жетекші медициналық ғылыми-зерттеу Университеттерінің бірі. Университет Қазақстан Республикасының Медициналық ғылымын дамыту стратегиясы шеңберінде құрылған ғылыми бағыттарды дамытуға белсене араласады. Қызметкерлеріміздің ғылыми зерттеулері Қазақстан Республикасының бағдарламалық-нысаналы және гранттық түрде қаржыландырылады.
Барлық зерттеулер 3 ғылыми бағыт бойынша өткізіледі:
клиникалық медицина бойынша зерттеу;
теориялық және сараптамалық медицина бойынша зерттеу;
қоғамдық ғылымның психологиялық-педагогикалық және кешенді проблемалары бойынша зерттеу.
Университет Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, білім беру және медициналық мекемелерімен белсенді жұмыс жасауда.
1-сурет 2018-2022 жж. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарды қаржыландыру динамикасы.
2-сурет. 2018-2022 жж. Университет қаржыландыратын ғылыми-зерттер жұмыстар саны.
3-сурет. Ағымдағы жылы университет қызметкерлері орындайтын ғылыми жобалар.