Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасы

Кафедра басшысы

Балмағамбетова Ару Дүйсенқызы

2006 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің базасында магистратураны аяқтады. 2013-2016 жылдары “Медицина” мамандығы бойынша докторантурада оқып, 2016 жылы ” Морфофункциональная оценка овариального резерва яичников в условиях воздействия хлорорганических пестицидов (линдан)” тақырыбында диссертация қорғады. PhD докторы дәрежесі берілді.

2007 жылы университетте қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасының аға лаборанты болып жұмыс істеді, одан әрі оқытушыдан кафедра доцентіне дейін жұмысын жалғастырды. 2010-2012 жылдары университет жұмысы кезінде СМУ төрайымы болды. 2018-2020 жылдары университеттің ЛЭК хатшысы, кейін төрайымы болды. 2023 жылдан бастап кафедра жетекшісі.

Кафедра құрамы:

Жаңабаева Айгүл Болатбекқызы – PhD, доцент, Әділгереева Ақмарал Сапарбаевна – PhD, доцент, Жайлыбаев Мухтар Сайынович – м.ғ.к, доцент, Даржанова Клара Батеновна – м.ғ.к, доцент, Сәрсенова Майгүл Сағынқызы – доцент, Уртамбаев Мажит Тельтаевич – оқытушы, Зиябілова Меруерт Ғаниқызы – оқытушы, Менжанова Айзада Қанатқалиқызы – оқытушы, Сүлейменова Гүлбаршин Әбілқайырқызы – аға лаборант, Абибуллаева Лида Үкібайқызы – лаборант, Дербисова Сәуле Махайқызы – лаборант.

Мақсаты:

Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

Магистратура және докторантура бағдарламалары аясында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізу арқылы олардың біліктілігін арттыру.

Ғылыми зерттеулерді дайындау және жүргізу, сондай-ақ өз бетінше де, ғылыми жобалар шеңберінде де кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары бойынша алынған нәтижелерді енгізу. Ғылыми зерттеулерді дайындау және жүргізу, сондай-ақ өз бетінше де, ғылыми жобалар шеңберінде де кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары бойынша алынған нәтижелерді енгізу.

Оқу процесіне инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, жұмыс берушілермен және білім беру және денсаулық сақтау органдарымен сыртқы байланыстарды дамыту.

Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Құру тарихы:

АММИ қалыпты анатомия кафедрасы 1957 жылы ұйымдастырылды, кафедраның негізін қалаушы доцент А.П. Сорокин болды. Кафедраның бірінші құрамы: кафедра меңгерушісі доцент А. П. Сорокин, м.ғ. к. В. В. Морозова, ассистент М. Ш. Баширов, м. ғ. к. К. В. Мельникова, ассистент М. В. Боброва. 1958 жылы кафедра жас оқытушылар мен ассистенттер Г.Ф. Кашина, А. М. Гизатуллина, М. П. Образцова, м. ғ. К. Т. Лихачева және И. С. Зимникпен толықтырылды. Кафедраны 1965-1969 Ж. В. Стельников, 1969-1974 Ж. Б. М. Эрез, 1975-1989 К.В. Мельникова, 1960-2007 ж.ж. жедел хирургия курсын В. В. Морозова басқарды, 1989-1997 В.И. Савельев, 1997-1998 кафедра курс құрамына кірді Сот медицинасы мен қалыпты анатомия атанды – О. Н. Туребаев басқарды, одан кейін 1998-2002 Гистология және қалыпты анатомия кафедрасының құрамына болды Т. Ж. Үмбетов басқарды, 2002-2005 А.Н. Жұмабаева, 2005-2006 Т. А. Адайбаев, 2006-2018 К. Е. Жарилкасинов, 2018-2019 Ж.А. Журабекова, 2019-2021 Л.И. Иванова, 2021-2023 С.Б. Рахманов.

Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасының қызметі 3 негізгі бағытқа негізделген: оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстары.

Кафедрада сабақтар келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: медицина, әскери медицина. стоматология, педиатрия, мейірбике ісі, фармация, денсаулық сақтау.

Кафедра сонымен қатар магистратура және PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды. Кафедраның құрылған жылдарында кафедрада дүние жүзінің мыңдаған дәрігерлері дайындалды және әлі күнге дейін ұстаздарын сүйіспеншілікпен және жылы лебізбен еске алады. Көптеген атақты ғалымдар физиология кафедрасында ғалым ретінде алғашқы қадамдарын жасады.

Қазіргі уақытта кафедрада 2 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 1 медицина магистрі жұмыс істейді және штаттағы оқытушылардың ғылыми үлесі 56% құрайды.

Кафедра қызметкерлері университет өміріне, оқу, ғылыми және оқу үдерісіне қатысты барлық іс-шараларға белсене қатысады.

Кафедра ғылыми бағыттар бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Жалпы кафедраның ҒЗЖ тақырыбы «Адам және тәжірибелік жануарлар мүшелері мен жүйелерінің құрылымдық функциялық ерекшеліктерін онтогенезде зерттеу» № 0122РКИ0030.

Бүгінгі күні ғылыми зерттеулер бойынша Лакуила Университеті (Италия), ЛУҒД анатомия институты (Литва) сияқты шетелдік зерттеу орталықтарымен серіктестік орнатылды.

Кафедрада “Анатом” студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері, халықаралық конференциялардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын білім алушылар саны үнемі артып келеді. Кафедра қызметкерлері студенттермен бірлесіп қалыпты және топографиялық анатомия бойынша пәндік олимпиадалар ұйымдастырады және өткізеді.

2022 жылдан бастап кафедрада “Микрохирургиялық клубтың” студенттері белсенді жұмыс атқарып келеді, “Қазақстанның жас микрохирургтары” атты 2 форумы өткізілді.

Instagram және YouTube арнасын белсенді қолданады, Instagram – @ospanov_normalanatomy онда кафедраның қызметі, сондай-ақ қызметкерлердің жетістіктері көрсетілген.

Байланыс: 547683, 87767608878

Ақтөбе, Маресьев көшесі 68, морфологиялық корпус 1-қабат оң қанат және 2-қабат оң және сол қанат, 3 – қабат сол қанат.

Эл. пошта: normal_anatomy@zkmu.kz

Фотогалерея