2024-2025 Оқу жылына докторантураға алдын ала іріктеу

Магистратура, докторантура және постдокторантура орталығы 2024 жылдың 8-15 сәуір аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ D141 «Медицина», D139 «Қоғамдық денсаулық сақтау» және D151 «Мейіргер ғылымы» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсушілеріне проблемалық комиссиялардың отырыстарында алдын ала іріктеу өтетіні туралы хабарлайды. Үміткерлер жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстарының презентацияларын, аннотацияларын ұсынуы керек.

Комиссия тыңдаған жұмысын жоспарланған диссертацияның тұсаукесері бойынша бекітілген бағалау парағына сәйкес төрт балдық шкала және бес критерий бойынша бағалайтын болады. Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жүргізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтихандарына жіберу немесе жібермеу болып табылады.

Толық ақпаратты: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, №2 оқу ғимараты, 4-қабат, 408-кабинет, https://zkmu.edu.kz/ сайтынан және 8-771-844-7928 телефоны арқылы біле аласыздар.

Магистратура, докторантура және постдокторантура орталығы.