«Ospanov science week”

Ақтөбе. 8 сәуір. Бүгін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Ospanov science week” ғылыми аптасы басталды.

Оқу орнының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатындағы іс-шара 12 сәуірге дейін жалғаспақ.

“Ospanov science week” ғылыми аптасы аясында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Олардың қатарында халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жас ғалымдар арасындағы байқаулар, семинарлар мен тренингтер бар. Сонымен қатар, ғылым апталығы аясында “Үздік неонатолог” байқауын өткізу жоспарлануда. Жалпы университеттік конкурсқа 2 курс резиденттері қатыса алады.

Іс-шараның соңғы кезеңінде конкурс пен олимпиаданың жеңімпаздары жарияланады.

“Ospanov science week” ғылыми аптасының іс-шаралар жоспарымен мына жерден таныса аласыз.