Психологиялық қолдау көрсетілді

18-19 сәуір күндері AP19678139 «Батыс Қазақстан білім алушы жастарының әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» ғылыми жобасының зерттеушілері Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетті.

С.Сейтенова, М.Книсарина, Г.Жұмалиева заманауи университетте студенттердің әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктері туралы жалпы түсінік қалыптастыру мақсатында оқытушылармен семинар және шеберлік сабағын өткізді.

Тренингтер студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі мен оң көзқарасын арттырып, олардың қоғамдық іс-шараларға және волонтерлік қызметке азаматтық тұрғыдан қатысуының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.