«Университет үміті»

Құрметті резидентура және магистратура түлектері!

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті 2024-2025 оқу жылына арналған «Университет үміті» бағдарламасы бойынша «оқытушы/ассистент» бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды және сіздерді жоғарыда аталған шараға қатысуға шақырады.

«Университет үміті» бағдарламасының басты мақсаты университеттің кадрлық әлеуетін жаңарту және кезең-кезеңімен жас мамандарды тарту болып табылады.

«Университет үміті» бағдарламасына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

-жоғары медициналық білім, маман сертификаты, ғылыми жарияланымдардың болуы, ағылшын тілін Pre-Intermediate төмен емес деңгейі;

-35 жасқа дейін;

-интернатура мен резидентураны аяқтағандағы орташа балл (GPA) – 3,33 баллдан төмен емес;

-бөлім меңгерушісінің ұсыныс хаты.

Университет жас мамандардың маңызды рөлін мойындай отырып, өзіне келесі міндеттемелерді алады:

-мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмысты қамтамасыз ету;

-жас мамандардың кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;

-даму жоспарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білімді тереңдету мақсатында семинарларға, тағылымдамаларға, біліктілікті арттыру курстарына жіберу;

-ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік беру;

-1 000 000 теңге (бір миллион теңге) көлемінде біржолғы ақшалай жәрдемақы төлеуге (сома конкурс өткізілген кезде жоғары қарай қайта қаралуы мүмкін);

-университеттің жатақханасынан тұруға бөлме беру;

-1 жылға кафедра ассистенті лауазымына қабылдау кезінде университеттің штаттық оқытушысының лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы тағайындау.

Толық ақпарат алу үшін персоналды дамыту бөліміне хабарласыңыз: Бас ғимарат, 105 кабинет.