Ағылшын тіліндегі дәрістер мен сабақтар

Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасында академиялық ұтқырлық аясында Астана медициналық университетінің аға оқытушысы, IELTS 6.0 деңгейін меңгерген Жаңылсын Сұлтанова сабақ өткізді.

Халықаралық факультетінің 3-курс студенттеріне биостатистика пәнінен «Аnova. Analysis of Variances» тақырыбында дәріс және «t-Student Test for Paired Samples» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізді. Студенттер сабақ кезінде Excel, Google drive бағдарламаларымен тапсырма орындап, Kahoot бағдарламасының көмегімен кері байланыс жасалды.

Сонымен қатар университеттің өткені мен бүгінінен сыр шертетін мұражайдағы жәдігерлермен танысып, кітапханадағы Coworking орталығында «Access Medicine» электронды ресурстарымен тәжірибе алмасты.

Кафедра жетекшісі, PhD Гүлмира Жармаханова және кафедра ұжымы Астана медициналық университетінің аға оқытушысы Жаңылсын Жангелдіқызына шығармашылық табыстар тілеп, университетаралық ынтымақтастықты жалғастыру келісілді.

2024-2025 оқу жылына Астана медициналық университеті биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасына академиялық ұтқырлық жоспарланды.