«Адам және дәрі-дәрмек — Қазақстан» XVII Халықаралық конгресі

«Адам және дәрі-дәрмек — Қазақстан» XVII Халықаралық конгресінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл — дәрігерлер арасында мультидисциплинарлық деңгейдегі проблемалар мен ауруларға арналған ең танымал форум. Конгрестің міндеті — ғылыми-практикалық әлеуетті дамытып, кәсіби білімді жетілдру. Оның жұмысына еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, оқытушылары, практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері, университет оқытушылары қатысты.

Шара барысында ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., профессор, «Адам және дәрі-дәрмек — Қазақстан» Конгресінің құрметті президенті, Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығының президенті Р.Күзденбаева, клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Н.Мусин құттықтау сөз сөйледі. Н.Мусин университет қабырғасында кезекті Конгресті өткізгені үшін Р.Күзденбаеваға алғысын білдірді.

Ғылыми тәжірибенің, қызығушылықтың және практикалық денсаулық сақтаумен өзара әрекеттесудің маңызды мүмкіндіктері бар мамандарды біріктіру науқастарды емдеу тәсілдерін жақсарту үшін қажет. Еліміздің денсаулық сақтау саласында өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар науқастардың өмір сүру сапасы және өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған.

Конгрес бағдарламасы пленарлық отырыс, сессиялар, терапиядағы клиникалық ұсыныстар мен салалық стандарттар, кардиология, клиникалық ұсыныстар мен емдеу стандарттары, клиникалық неврология, клиникалық ұсыныстар және емдеу стандарттарын қамтыды. Осылайша, фармакологиялық тәсілдер, педиатриялық практикадағы қиындықтардан, терапиядағы, кардиологиядағы және неврологиядағы өзекті мәселелер қаралды.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ой бөлісті. Кезекті Конгресс жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

Конгрес ұйымдастырушылары мен қатысушыларына бірлескен ынтымақтастық пен кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.