Кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер кафедрасы

Басшылық

Бермагамбетова Сауле Кабиболлаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын үздік бітіріп, содан кейін сол жерде аспирантураны бітірген. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін 2001 жылы университетте оқытушы болып жұмыс жасай бастады. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 23 жыл. 150-ден астам жарияланған еңбектердің (оның ішінде Web of Science Core Collection – 8; Scopus – 22), Қазақстан Республикасының 3 инновациялық патентінің, 10 авторлық куәліктің, 11 оқу құралының, 8 әдістемелік ұсыныстардың авторы және бірлескен авторы. Н-индексі – 4. Бір PhD және екі медицина ғылымдарының магистрін, 1 денсаулық сақтау магистрін дайындады.

Кадрлық құрам

Мамырбаев Арстан Абдраманович медицина ғылымының докторы, профессор

Сакебаева Лаура Дуйсенгалиевна, медицина ғылымының магистрі, аға оқытушы

Карашова Гулсим Исматуллаевна медицина ғылымының магистрі, аға оқытушы

Шаяхметова Кулян Нурмухановна, аға оқытушы

Кулбаева Айнур Беимбетовна, оқытушы

Рабаева Фариза Абдрамановна, офис-менеджер

Құрылу тарихы

Кафедраның тарихы 2005 жылы университетте екі жаңа кафедра – тағам гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және коммуналдық және еңбек гигиенасы кафедрасы құрылған кезде басталады. 2007 жылы бір кафедра болып біріктірілді. Кафедраның қалыптасу кезеңінде оның меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Төленді Кәрімұлы Каримов тағайындалды. Кафедра осы құрылыммен 2010 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істеді, содан кейін ол қайтадан екі кафедраға – тағам және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және коммуналдық және еңбек гигиенасы кафедрасы болып қайта құрылды. 2010-2015 жылдар аралығында «Коммуналдық және еңбек гигиенасы» кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор Арстан Абдыраманұлы Мамырбаев басқарды. 2010-2017 жылдар аралығында тағам гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасын, кейін кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер кафедрасын медицина ғылымының кандидаты, доцент С.Қ.Бермагамбетова басқарды. 2017-2021 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к., доцент В.М.Сабырахметова атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін кафедра жетекшісі С.К. Бермағамбетова.

Мақстаттары

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру, инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін кафедраның оқу процесіне енгізу, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жетілдіру.

Қызметі

Кафедра «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі», «Фармация» білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері мен арнайы әзірленген элективті курстары бойынша студенттерді, «Стоматология» білім беру бағдарламасының интерндеріне, резиденттеріне сабақ береді. «Гастроэнтерология» бағыты бойынша, халықаралық медицина факультетінің шетелдік студенттері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-мен «IT медицина» бірлескен бағдарлама бойынша студенттер білім алады. «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар, сондай-ақ «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттар дайындалуда. Сабақтар мен дәрістер инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі; Білікті мамандарды жан-жақты даярлау мақсатында теория мен практиканы ұштастыратын кадр даярлаудың ең кең таралған және тиімді түрі ретінде оқытудың жаңа жоғары технологиялық әдістері, оның ішінде дуальды кәсіптік білім беру енгізілуде. Студенттерді сапалы дайындау мақсатында кафедра оқытушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істейді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының базасында студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді.

Жетістіктері

Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландыратын ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, соңғы жылдардың өзінде 5 ірі ғылыми жобаны жүзеге асыруға атсалысты. Ғылыми-техникалық прогрестің шеңберінде кафедра қызметкерлері ондаған мақалалар, соның ішінде халықаралық рецензияланған ғылыми басылымдарда; оқулықтар, монографиялар, әдістемелік ұсыныстар шығарды, шетелдік және республикалық патенттер дайындалды, «Көмірсутектерді өндіру және өңдеу кәсіпорындарындағы химиялық заттардың токсикологиясы бойынша анықтамалық» шығарылды. Зерттеу нәтижелері республиканың көптеген емдеу-профилактикалық мекемелерінде енгізілді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы республикада және шетелде өткен халықаралық ғылыми-практикалық және әдістемелік конференцияларға, конгресстерге, симпозиумдарға белсенді қатысады.

Тек соңғы 10 жылда кафедра қызметкерлері 6 PhD докторын және 16 медицина ғылымдарының магистрін және денсаулық сақтау магистрін дайындады.

Кафедраның даму және жетілдіру перспективалары кең іргелі білімі бар белсенді, әлемдегі өзгерістерге тез биімделетін; оқыту әдістері мен технологияларын жетілдіру; педагогикалық процестің деңгейін көтеру; ғылымдағы басым бағыттарды дамытуға бейім жаңа форматтағы мамандарды даярлауға бағытталған.

Байланыс

Кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер кафедрасы орналасқан: Маресьев көшесі, 68, № 2 оқу ғимараты, төртінші қабат.

Телефон: 56-28-65

Электронная почта: dis.gig@zkmu.kz

Фотогалерея