Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Басшылық:

Төлепбергени Жанар Төлеубайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап кафедра жетекшісі. Халықаралық және аймақтық конференцияларда 40-тан астам ғылыми жарияланымдардың және үш монографияның авторы ISBN.

Кафедра құрамы:

Алтай Тайжанұлы Тайжанов – философия ғылымдарының докторы, ҚР ӘҒА академигі, профессор.

Молдин Бекзат Аққонысұлы – доцент, саяси ғылымдар магистрі.

Исламов Марат Қайырханұлы – аға оқытушы, философия докторы (PhD) «тарих» мамандығы.

Ази Есентүгел Аманкелдіұлы – «мәдениеттану» мамандағы философия докторы (PhD).

Ергалиев Мирлан Есенгалиевич –кафедра оқытушысы.

Жаржанова Шынар Нұрсахимқызы – заң ғылымдарының магистрі, кафедра оқытушысы.

Айтжанова Жанат Ергалиевна – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Калманова Гулнар Танирбергеновна – аға оқытушы, тарих ғылымдарының магистрі.

Мухамбетгалиева Алима Кенжегалиевна – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Сундетова Акмарал Нагашибайқызы – оқытушы, тарих ғылымдарының магистрі.

Жанғалиева Айнұр Рашидқызы – аға оқытушы, философия ғылымдарының магистрі.

Күміспаев Самат Самидуллаұлы – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Мусашева Данагул Қуанышқалиқызы – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Смағүл Гүлбарам Түгелбайқызы – офис-менеджері.

Мергентаева Зита Ериковна –офис-менеджері.

Кафедрада 1 философия ғылымдарының докторы, 1 профессор, 1 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 1 доцент, 10 ғылым магистрі, олардың ішінде 5 аға оқытушы, 2 оқытушы, 2 офис-менеджер. Кафедрада оқытылатын пәндер: “Қазақстан тарихы”, «Философия», «Әлеуметтік-саяси білімдер: әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері және медициналық құқық”, элективті пән ретінде “Кәсіпкерлік қызмет негіздері” – мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқытылады. «ҚР-ның медицина құқығы және сот медицинасы».

Кафедра тарихы:

Университет тарихында гуманитарлық ғылымдардың оқытылуы әр кезеңдерде әр түрлі нысандар мен әдіс-тәсілдер арқылы жүргізіліп келеді. Ол кафедра атауынан көрініс алады (марксизм-ленинизм, КПСС тарихы және саяси экономика кафедрасы, Қазақстан тарихы, құқық және экономикалық теория негіздері, педагогика мен психология кафедрасы). 1957 жылы «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасы медицина институтының ашылуы мен тұспа-тұс келді.

Кафедра тарихында э.ғ.к., доцент Оспанов Марат Тұрдыбекұлы ерекше орын қалдырған. (17.09.1949, Ақтөбе 23.01.2000, Алматы) 1979-1989 жылдар аралығында КПСС тарихы және саяси экономика кафедрасының меңгерушісі. Кейінгі жылдары КПСС тарихы және саяси экономика кафедрасында: т.ғ.к. Мых Н.А. (1989-1992 гг.), т. ғ. д., профессор Абдоллаев Н.А. (1992-1993 гг.), 1993 жылы КПСС тарихы және саяси экономика кафедрасы философия және ғылыми коммунизм кафедрасы мен біріктіріліп, әлеуметтік ғылымдар кафедрасы болды. Кафедра жетекшілері: т.ғ.д., профессор Губанов Н.И. (1993-1998 жж.), т. ғ. д. Асаров А.А. (1998-2000 жж.), аға оқытушы Атизбаева А.С. (2001-2002 жж.), профессор, ф.ғ.д. Тайжанов А.Т. (2002-2008 жж.) жетекшілік етті. 2008-2016 жж. аралығында кафедраны т.ғ.к., доцент Сүлейменов Б.С. басқарды.

Мақсаты: Гуманитарлық ғылымдардың оқытылу әдіс-тәсілдері арқылы болашақ дәрігерлерге, рухани тәрбие беру; Сапаны жақсарту мақсатында білім беруде үнемі ізденісте болу.

Қызметі: Қоғамдық-гуманитарлық бағыттыағы пәндерді барлық мамандықтар міндетті пән ретінде оқиды, Ғылым философиясы және тарихы курсынан барлық білім алу бағдарламасына сәйкес магистранттар мен докторанттар өтеді.

Ғылыми қызметі: Кафедраның ерекшелігі еліміздің ғылыми-ақпараттық соның ішінде философия, тарих, саясат, әлеуметтік мәдени бағыттағы журналдарға мақалалар жарияланады. Философия және саясаттану пәндерінен бағдарламаға сәйкес оқулықтар шығарылды. 4-і SCOPUS деректер базасында мақалалар бар, 12-ден астам авторлық куәліктер алынған.

Кафедра жетістіктері:

2011 жылдан бастап кафедрада «Зерде» қоғамдық пікір сайыс клубы жұмыс жасайды. Клубтың жұмысы студенттердің дүниетанымын кеңейтуге, қоғамдық-саяси және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға сонымен қатар коғамның өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.

2017-2020 ж.ж. аралығында кафедра «Жаһандану және білім берудің әлеуметтік-философиялық мәселелері» және «Қазіргі кезеңдегі Батыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері мен келешегі» бастамалық жобасын жүзеге асырды.

Сонымен қатар 2020-2023 жылдары кафедрада «Ұлттық сананы жаңғыртудың әлеуметтік және мәдени-танымдық негіздері» ғылыми жобасы жүзеге асырылды. Ғылыми жетекшісі: филосоофия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Тайжанов.

Халықаралық ынтымақтастық та кафедраның басым бағыты болып табылады. 2017 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Медициналық құқық» пәні бойынша профессор М.Букаев шақырылды. 2023-2025 жылдарға жоспарланған «Медициналық мамандар даярлаудағы жоғары сапалы медициналық білім беруді қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретінде – құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Кафедра оқыту процессінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды белсенді пайдалануда. Кафедра ұжымы Марат Оспанов атындағы қоғамдық қормен бірлесіп «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және ҚР-дағы Жастар жылы аясында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Оспановтың 70 жылдығына арналған іс-шаралар 28 қазан мен 1 қараша аралағында өткізді.

2017-2023 жылдар ішінде 100-ден астам мақалалар мен тезистер жарияланды, оның ішінде 4-і SCOPUS деректер базасында, 12-ден астам авторлық куәлік алынды. 2022 жылы Философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т.Тайжановтың студенттерге арналған «Философия» оқулығы жарыққа шықты.

Байланыс: Маресьев көшесі 68, бас ғимарат, 6 қабат, 623,625 кабинеттер, e-mail:  kgpk@zkmu.kz