Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы

Басшылық: 2016 жылдан бастап Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасын м.ғ.к., доцент А.А. Таганиязова жетекшілік етеді. 

Таганиязова Алия Адыловна – м.ғ.к., кафедра жетекшісі, жоғарғы санатты бет-жақ аймағының хирургі (ересек), «Стоматология» мамандығынан академиялық кеңестің төрайымы, ғылыми кеңестің мүшесі. Таганиязова А.А 1991 жылы ҚММУ-тің стоматология факультетін бітірді. Кафедрада ашылуынан бастап жұмыс істеуде.

2002 жылы «Балалардағы жедел одонтогенді остеомиелиттің асқынуларын емдеу мен алдын алу» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

2004 – 2007 жылы С.Д. Асфендиярова атындағы КазҰМУ–нде докторантурада оқыды. Бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстар нәтижелері оқу процессіне енгізілді. Медициналық өтіл-30 жыл. Таганиязова А.А жетекшілігімен кафедрада: «Бет-жақ аймағының іріңді септикалық инфекциясы: мәселелері мен шешу жолдары» атты ғылыми зерттеу жобасы орындалды.

Кадрлық құрам: Қазіргі уақытта хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының ұжымы құрамында: кафедра жетекшісі -м.ғ.к. Таганиязова А.А.; профессор-м.ғ.д. Жаналина Б.С. ассистент – Аженова К. И., Жалинов Н. З, зав. уч -Утаргалиева А.Ж., Каймулдина С. Ж., м.ғ.м. Маратова Д. Ж., Такешова Т. Б., Адилов А. К., Танатаров Н. К., Уланов А. У., Мухадес Ж. М., м.ғ.м. Дустанова А.Т.

Құрылу тарихы: Стоматология кафедрасы 2000 жылы ұйымдастырылып, бірінші меңгеруші болып медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі, доцент Умбетьяров Бекім Айтжанұлы тағайындалды. Үмбетьяров Бекім Айтжанұлы – білікті жақ-бет хирургы, 40-тан астам ғылыми еңбектері, бірқатар авторлық куәліктері және рационализаторлық ұсыныстары бар. Осы кезеңде кафедрада оқытушылар А.А. Тағаниязова, Г.С. Ақжарова, Р.М. Ураз және Г.Б. Жаңабаева жұмыс істеді.

Кафедрада стоматологиялық пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмыс үшін профессорлық-оқытушылар құрамы мен материалдық-техникалық базасы қалыптастырылды, оқу бағдарламалары, оқытушылар мен студенттерге арналған әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Автоматтандырылған басқару жүйесінде студенттердің білімі мен практикалық дағдыларын бақылауды бағалау әдістемесі де белсенді түрде енгізілді. Кафедрада терапевтік, хирургиялық, ортопедиялық стоматология, балалар стоматологиясы және ортодонтия сияқты стоматологиялық пәндер оқытылды.

Мақсаты:

Білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру процесін үнемі жетілдіру;

– Жоғары кәсіби құзыреттілігі мен жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар практикалық денсаулық сақтау үшін де, медицина саласындағы ғылыми жұмыс үшін де жоғары білікті кадрларды даярлау.

Қызметі: Кафедрада 5 клиникалық база бар: Облыстық балалар стоматологиялық емханасы, Облыстық балалар ауруханасы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеттің стоматологиялық емханасы, Медициналық жедел жәрдем ауруханасы, «Денсаулық» стоматологиялық емханасы.

Кафедрада оқыту процессі орыс және мемлекеттік тілдерде жүргізіледі. Сонымен қатар, хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасында «Бет-жақ хирургиясы» мамандығынан резидентура бар.

Білім алушылар мен оқытушылардың академиялық мобильдік бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда.

Жетістіктері: Кафедра құрылғаннан бері қызметкерлерде 200-ден астам ғылыми мақалалар бар: 10 – ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК дерекқорларында, 180-РИНЦ, 1-Scopus, 1-оқулық, 2-оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік тілде жарық көрді. Өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстар туралы куәліктер саны – 10. Дайындалған және қорғалған магистрлік диссертациялар саны – 5, кандидаттық диссертация-1. Қафедра қызметкерлері жыл сайын университетішілік және халықаралық конференцияларға қатысуда.

Байланыс: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеттің стоматологиялық емханасы, 3 қабат, Маресьева 76, пошта: hirdetstom@zkmu.kz

Фотогалерея: