Медициналық және биологиялық химия кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Медициналық және биологиялық химия кафедрасы

Басшылығы

Кафедра химиялық пәндер курсы мен биохимия курсынан тұрады. Кафедра жетекшісі – б.ғ.к., доцент Ж.Ж. Гумарова.

Кадрлық құрам

Гумарова Жаннат Жанбулатовна, кафедра жетекшісі

Дильмагамбетов Саруар Нургалиевич, профессор

Ерназарова Жанат Абдуалиевна, аға оқытушы

Ермуханбетова Нуржиян Даленовна, аға оқытушы

Абилова Жанат Максутовна, аға оқытушы

Таумова Аржан Байдосовна, аға оқытушы

Галымжанова Гаухар Толесінқызы, аға оқытушы

Бесімбаева Жанат Бердіғалиқызы, аға оқытушы

Медетова Айзат Медетқызы, оқытушы

Досжанов Жанкелді Алиевич, оқытушы

Ерназарова Диляра Абаевна, оқытушы

Есенгулова Альбина Ақжоловна, оқытушы

Көлібайқызы Ақтоты, оқытушы

Андреади Гүлдана Батырханқызы, аға оқытушы

Матжанова Жанна Қажымұратқызы, оқытушы

Майкупова Аяжан Абаевна, оқытушы

Құрылу тарихы

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің медициналық және биологиялық химия кафедрасы университеттің алғашқы кафедраларының бірі, ол 1957 жылдың тамызында бейорганикалық химия кафедрасы болып ұйымдастырылған. Биологиялық химия кафедрасы 1958 жылы тамызда ашылған. Осы екі кафедра 2007 жылы химиялық пәндер кафедрасы болып біріктірілді.

Мақсаты:

Медициналық жоғарғы оқу орнындағы химия және биохимия курстарының негігі мақсаты – болашақ дәрігер мен фармацевтердің функционалдық химиялық және биохимиялық сауаттылығын қалыптастыру.

Қызметі:

Кафедрада «Медицина», «Әскери медицина», «Педиатрия» мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде «Медициналық химия» және Биохимия» пәндері оқытылады; «Стоматология», «Әскери стоматология», «Қоғамдық денсаулық», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтарына «Химия» және «Биохимия» пәндері оқытылды. «Фармация», «Әскери фармация», «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандықтарының студенттеріне «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Физикалық және коллоидтық химия», «Биохимия» курстары оқытылады.

Кафедрада жаңа білім беру стандарттары мен технологиялары бойынша үш тілде оқу-әдістемелік құжаттамалар мен оқулық материалдарды құрастыру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар өз күштерімен оқулық әдебиеттерді дайындау («Биоорганикалық химия», Токсикологиялық химия негіздері», «Химия мен биохимия терминдерінің глоссарийі» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде» және медициналық ЖОО үшін мемлекеттік тілге аудару (Попков В.А., Пузаков С.А., «Жалпы химия», «ГЭОТАР-Медиа, Солвей Дж.Г. «Көрнекі медициналық биохимия», «ГЭОТАР-Медиа», Чернов Н.Н, Покровский В.С. «Емтиханға дайындалу үшін биохимия бойынша тестілік сұрақтар» авторлармен бірге кафедра авторлары қатысты) орындалды.

Оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмыстарды орындау формасы ретінде қолданылатын «Интербелсенді оқыту» порталындағы интербелсенді жағдайлық есептердің блогы үш тілде құрастырылған және ол үнемі жаңартылып отырады.

Жетістіктер:

Кафеданың ғылыми-зерттеу жұмысы университеттің клиникалық және теориялық кафедраларымен бірлесіп түрлі патологиялық жағдайларда биосубстраттарда және қоршаған орта нысандарында микроэлементтерді анықтауға байланысты.

Кафедраның студенттік ғылыми қоғамының жұмысы бірнеше рет униветситеттің «Ең үздік ғылыми-студенттік үйірмесі» дипломдарымен, Қазақстан мен ТМД елдерінде 1, 2, 3 дәрежелі медальдар, дипломдармен марапатталған.

Кафедраға университетіміздің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында химия және биологиялық химия пәндеріне дәріс және практикалық сабақты ағылшын және орыс тілдерінде (Shree Guru Gobind Sing Tricentenary, Үндістан, Ташкент медициналық академисы, Ташкент мемлеткеттік стоматолоия институты, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы, Познань ғылыми медициналық университеті (Польша) және т.б.) оқыту мақсатында таяу және шетел медициналық университеттерінің жетекші ғалымдары шақыртылады.

Кафедра дамуының болашағы медициналық ЖОО-ларда оқыту әдістерін одан әрі жетілдіруге, заманауи дәрігерлер мен фармацевтерді дайындауда іргелі пәндерді (химия және биология) оқытуда жоғары оқу орнына дейінгі және ЖОО бағдарламалары мен әдістемелерін интеграциялау мәселелеріне бағытталған.

Кафедра қызметтерінің бір бағыты медициналық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін даярлық курстарын ұйымдастыру және биология мен химия пәндері бойынша сабақтар жүргізу, қала мен облыс оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру, дарынды балалармен химия бойынша жұмыс жасау. Шәкірттер Республикалық және Халықаралық химиялық олимпиадаларда бірнеше рет алтын, күміс және қола медальдарға иеленді.

Кафедра жетекшісінің, оқытушылардың, ұжымның жұмысы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының Десаулық сақтау ісінің үздігі», «Ахмет Байтұрсынов атындағы медаль», ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің, облыс әкімінің, университет әкімшілігінің грамоталарымен, «Үздік лектор», «Үздік куратор», «Үздік оқытушы», «Үздік кафедра», «Қазақстан Республикасының үздік маманы» сертификаттарымен марапатталған.

Байланыс: Ақтөбе қ, Маресьев көшесі, 68, 1 ғимарат, 4 қабат, «Медициналық және биологиялық химия кафедрасы, email: himiya@zkmu.kz

Фотогалерея: