Онкология кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Онкология кафедрасы

Онкология кафедрасының меңгерушісі:

Қойшыбаев Арип Кубекович

Ғылыми дәрежесі: Қауымдастырылған профессор (доцент), м.ғ.к.

Қызметкерлер құрамы:

  1. Балмағамбетова Сәуле Қабедаевна. PhD. Қауымдастырылған профессор, Доцент.
  2. Уразаев Олжас Нұрланович PhD, Қауымдастырылған профессор, кафедраның доценті
  3. Кереева Нургуль Мейримовна м.ғ.к., кафедра доценті,
  4. Бегунов Валерий Владимирович м.ғ.к., кафедра ассистенті.
  5. Жолмұхамедова Динара Алматовна кафедра ассистенті
  6. Туляева Анар Балхашевна PhD, кафедра ассистенті.
  7. Айтмағамбетова Маржан Алтынбековна PhD, кафедра ассистенті.
  8. Жарылғапов Азамат Байжанович ғылым магистрі, кафедра ассистенті.
  9. Алибекова Майя Сагингазиевна кафедра ассистенті
  10. Некрасова Елена Александровна кеңсе менеджері
  11. Сексенбаева Жангүл Сәкенқызы кеңсе менеджері

Кафедраның құрылу тарихы:

Кафедра негізі 1975 жылы қаланған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының онкология кафедрасының алғашқы меңгерушісі м.ғ.к., доцент С.П. Самодуров институттың ең бетке ұстар алғашқы қызметкерлерінің бірі, үлкен клиникалық және педагогикалық тәжірибесі бар, Ұлы Отан соғысының ардагері. 1986-1995 және 2002-2005 жылдар аралығында кафедраны Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі, Бүкілодақтық онкология ғылыми орталығында (Мәскеу қ.) академиктер. Н.Н Блохин, Б.Е. Петерсон, М.И. Давыдов қоластында дайындықтан өткенпрофессор А.Е Төлеуов. басқарды. 1997-2002 жылдар аралығында кафедраны Н.Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығында докторлық диссертациясын қорғаған медицина ғылымдарының докторы Ж.А. Арзықұлов басқарды. 2005-2006 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы Р.Қ. Медеубаев болды.

2006-2007 жылдар аралығында кафедраны Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі, Академияның профессоры м.ғ.к. В.И. Поляков Өз заманында кафедра аспиранттары қазіргі уақытта м.ғ.д., профессор қызметіндегі – м.ғ.к. Е.Ж Бекмұхамбетов болды. 2008 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін кафедраны оның алғашқы клиникалық ординаторларының бірі, академик Ж.А. Арзықұловтың шәкірті м.ғ.к. А.К. Қойшыбаев басқаруда.

Мақсаты: Онкология кафедрасының мақсаты оқу үдерісінің сапасын және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу деңгейін, сондай-ақ Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің Медициналық орталығының клиникалық базасындағы емдеу жұмысын одан әрі арттыру болып табылады.

Қызметі: Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу. Осы тақырып аясында өңештің, асқазанның, сүт безінің, тоқ ішектің, бауырдың, ұйқы безінің және басқа да қатерлі ісік түрлерін емдеуді жетілдіру әдістері дайындалып, енгізілуде.

Жетістіктері: 2019-2021 жж «Асқазанның қатерлі ісігі бар науқастарда емдеу тактикасын дербестендірілген жүйеде таңдауда CDH1 генінің ұрық желісі мутациясының таралуы мен түрленуін зерттеу» тақырыбындағы университетішілік ғылыми-зерттеу жұмысы. Сондай-ақ ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің гранттық қаржыландыруымен «Сүт безі қатерлі ісігі химиотерапиясы салдарынан туындаған кардиотоксикалық асқынуларды ерте диагностикалау және емдеу бағдарламасын әзірлеу» тақырыбындағы (IRN AP09259524) 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жоба жүзеге асырылды. Кафедра қызметкерлерінің 500-ден астам ғылыми жұмыстары жарық көрді.

М.Оспанов атындағы БҚМУ онкология кафедрасы Мәскеу қаласындағы Ресейдің онкологиялық ғылыми орталығы Н.Н. Блохин атындағы Медицина ғылымдары академиясы., және Алматы қ. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің кафедраларымен және ғылыми орталықтарыментығыз ғылыми байланыста

Байланыс: Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс көшесі 8. Марат Оспанов атындағы БҚМУ МО. 7 қабат онкология бөлімі. Телефон: 87132534512 mail: onkologiya@zkmu.kz