Мұханова Салима Аққалиқызы-персоналды дамыту бөлімінің басшысының м. а.
Қалиева Майрамгүл Карманқызы-персонал жөніндегі менеджер (hr-менеджер)
Сатығалиева Гүлзипа Болатқызы-персонал жөніндегі менеджер (hr-менеджер)
Персоналды дамыту бөлімі «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» (бұдан әрі – университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Басқарма мүшесі, Атқарушы директордың қарауындағы адами ресурстарды басқару Департаментінің құрамына кіреді.
Бөлім қызметінің мақсаты болып университеттің дамуы талаптарына жету үшін персоналды тиімді дамытуға бағытталған кадр саясаты шараларының жүзеге асырылуы табылады.
Міндеттері:
-университеттің кадр саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
-ҚР қолданыстағы заңнамасы және лауазымдардың біліктілік талаптарына сәйкес университет кадрларын үйлестіру;
-ПОҚ, ғылыми қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының бос лауазымдарына конкурсты ұйымдастыру және өткізу;
-ПОҚ аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
-университеттің кадрлық резервін қалыптастыру;
-университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жоспарлау.
Осы міндеттерді орындау үшін Бөлімге келесі функциялар жүктеледі:
-Университеттің кадр саясатына сәйкес жұмысты ұйымдастыру.
-Кадр саясаты және университеттің кадр мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.
-Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қызметкерлерді іздеу мен іріктеуде көмек көрсету.
-Университеттің ресми сайтында және ақпараттық ресурстарда бос орындар мен бос лауазымдарға арналған хабарландыруларды жаңартуды ұйымдастыру.
-Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жылдық жоспарын әзірлеу.
-Қызметкерлердің еңбек жағдайларына жалпы қанағаттануын анықтау бойынша жыл сайынғы анонимді сауалнаманы ұйымдастыру және өткізу, нәтижелерін өңдеу.
-ПОҚ, ғылыми қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың, медициналық клиникалар мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының бос лауазымдарына конкурс өткізуді, университеттің ПОҚ аттестаттауды ұйымдастыру, оны әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
-Университет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын әзірлеуді үйлестіру.
Байланыс мәліметтері:
Ақтөбе қаласы
Маресьев, 68, бас ғимарат, 105 кабинет
Тел. 54-69-25
Эл.почта: hr@zkmu.kz