Психиатрия және наркология курсымен неврология (бакалавриат) кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Психиатрия және наркология курсымен неврология (бакалавриат) кафедрасы

Басшылық:

PhD Аяғанов Дінмұхамед Нұрниязұлы, балалар неврологы, медициналық генетик.

Докторлық диссертацияның атауы: «Жас балалардағы эпилепсияның төзімді түрлерінің клиникалық-иммунологиялық аспектілері». Жұмыс өтілімі 16 жыл. Еуропа мен Қытай елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2017 жылдан бастап кафедра жетекшісі. 4 докторлық диссертацияның ғылыми жетекшісі. Шетелдік және отандық журналдарда 60-тан астам ғылыми баспа жұмыстары бар. Жыл сайын халықаралық конференцияларға қатысады және баяндама жасайды. Көптеген ғылыми гранттық жобалардың мүшесі және жетекшісі болып табылады. Зияткерлік меншіктің авторы. Елімізде және Еуропа бойынша әртүрлі балалар неврологтары қауымдастығының мүшесі, Батыс аймақтың балалар неврологтары, реабилитологтары және медициналық генетиктерінің жергілікті қауымдастығының төрағасы.

Кадрлық құрам:

1) Маннапова Акжунус Иманкуловна, кафедра доцентінің м.а., медицина ғылымдарының кандидаты

2) Умурзакова Айнур Онталаповна, кафедра ассистенті, медицина ғылымдарының магистры

3) Сариманов Сәуірхан Аллабердіұлы, кафедра ассистенті

4) Досболова Мөлдір Құрманғалиқызы, кафедра ассистенті

5) Джумагалиева Мерей Бакытжановна, кафедра ассистенті

6) Жусупова Жанна Тулегеновна, кафедра ассистенті

Құрылу тарихы: жүйке аурулары кафедрасы 1961 жылы құрылды, бірінші меңгерушісі м.ғ.к., доцент Анатолий Яковлевич Шияневский болды. Содан кейін 1977 жылы м.ғ.д., профессор Яковлев Николай Алексеевич болды. 1996 жылы Бирюков Юрий Васильевич, м.ғ.д., профессор, ҚР Ғылым және техника бойынша еңбек сіңірген қайраткері, біріккен жүйке аурулары, нейрохирургия, психиатрия және шығыс медицинасы кафедрасының меңгерушісіне конкурс бойынша сайланды. 1999 жылдан 2008 жылға дейін Марат Оспанов атындағы БҚММУ жүйке аурулары курсын м.ғ.к., доцент Қонысова Айгүл Жолдасқызы басқарды. 2008 жылдан 2011 жылға дейін меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сүлейманова Светлана Юрьевна болды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Кабдрахманова Гүлнар Баяновна басқарды. 2017 жылы кафедра 2 дербес кафедраға бөлінді: психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасы және неврология кафедрасы. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра жетекшісі болып PhD Аяғанов Дінмұхамед Нұрниязұлы жетекшілік етеді.

Мақсаттары: жоғары білікті түлектерді қамтамасыз ету үшін оқыту дағдыларын жетілдіру арқылы білім беру процесінің сапасын арттыру.

Қызметі: кафедра жұмысының негізгі бағыттары ғылыми-педагогикалық және клиникалық қызмет болып табылады. Кафедрада «Жалпы медицина» факультетінің студенттері, оның ішінде шетелдік студенттер, «Стоматология», «Мейірбике ісі» факультеттерінің студенттері оқытылады. Сондай-ақ, балалар неврологиясы бойынша біліктілікті арттыру циклдары өткізіледі. Кафедрада «Медицина» бағыты бойынша докторанттар оқиды. Түрлі өзекті тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Жетекшілік ететін базаларда апта сайын аралау және тәжірибелік денсаулық сақтауды консультациялық тұрғыда қолдау үшін өңірлерге шығу тұрақты негізде жүргізіледі.

Жетістіктері: кафедрада білім беру үдерісінен басқа білім алушылармен тәрбие және ғылыми жұмыстар белсенді жүргізілуде. Студенттер ғылыми үйірмелерге және жыл сайынғы студенттік конференцияларға белсенді қатысады. Неврология мен генетиканың әртүрлі өзекті бағыттары бойынша докторлық ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Кафедра қызметкерлері дәріс беру саласында және мамандығы бойынша біліктілігін арттырып отырады. Кафедра халықаралық конференциялардың ұйымдастырушысы болып табылады, жыл сайын халықаралық конференцияларда баяндама жасайды. Жыл сайын әртүрлі салаларда тәжірибелік денсаулық сақтау аясында мастер-класс, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Қызметкерлер неврологиялық аурулардың көптеген клиникалық хаттамаларын құрастырушылары болып табылады. Кафедра жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады. «Медициналық генетика» мамандығы бойынша резидентура үшін жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Кафедра қызметкерлері тұрақты негізде рецензияланған халықаралық журналдарда жарияланады. Кафедра жыл сайын Ресей Федерациясының, Әзірбайжанның, Өзбекстанның жоғары оқу орындарымен визитинг-профессор және академиялық ұтқырлық түрінде ынтымақтасады. Кафедра басшысы Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы және түрлі сараптамалық топтардың мүшесі болып табылады. Кафедра қызметкерлері Батыс өңірінің балалар неврологтары, реабилитологтары мен медициналық генетиктері қоғамының ұйымдастырушылары және оның төрағасы Аяғанов Дінмұхамед Нұрниязұлы болып табылады.

Байланыс: Жанаконыс-8. Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің Медицина Орталығы (3 және 4 қабаттар), қосымша оқу бөлмелері Ақтөбе медицина орталығында және «Дару» клиникасында орналасқан; электрондық пошта: neurology.b@zkmu.kz

Фотогалерея: