Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаментінің құрамына стратегиялық даму бөлімі, сапа менеджмент жүйесі бөлімі, магистратура және докторантура бөлімі және халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімі кіреді.
Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті қызметінің негізгі мақсаты:
– университеттің даму стратегиясын, университет қызметінің барлық бағыттары бойынша оның сапа саласындағы миссиясы мен саясатын орындау;
– университеттің стратегиялық даму бағыттарын айқындау, университеттің ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысуын қамтамасыз ету;
– ЖОО аккредиттеуге дайындау;
– халықаралық байланыстар мен әріптестікті дамыту, университеттің халықаралық білім беру кеңістігінде орнығу;
– университеттің шетелдік білім беру мекемелерімен ынтымақтастығын ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
-магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру процесін бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету.
Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректорге бағынады және университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара жұмыс жасайды.
Әкімшілік
Байланыс
Марат Оспанов атындағы БҚМУ “КеАҚ”
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. 2 оқу ғимараты,4 қабат, 406-кабинет
e-mail: