Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, профессор-оқытушылар құрамы, медицина қызметкерлері, қызметкерлер, ардагерлер, студенттер, магистранттар, резиденттер және докторанттар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ерекше мағынаға толы. Ұлы Жеңіс бізге бейбіт өмір сыйлады. Соғыстан кейінгі қиын жылдары елімізді жандандырып, майдан және тылда күрескендердің барлығына алғыс айтамыз. Олардың өшпес ерліктері біз үшін үлгі-өнеге. Біз Жеңістің қандай қиындықпен келгенін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында шамамен 1,2 млн. қазақстандық майданға аттанып, әрбір екіншісі қаза тапты. Отан қорғау жолында қаза тапқан Батырларымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы жеңіске зор үлес қосты. Соғыс жылдарында ауруханалар арқылы 22 миллионнан астам адам өтіп, оның 17 миллионы қызметке қайтарылды. Медицина қызметкерлерінің арқасында жараланғандардың 72% және майдан даласында ауырғандардың 90% құтқарылды. Соғыс уақытында 85 мыңға жуық медицина қызметкері (дәрігерлер, медбикелер, санитарлық нұсқаушылар/санитарлар) қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті.

Біздің университет ұжымы отыз бір майдангер-педагогты, майданда табандылық танытып, батыл күрескен, бейбіт өмірде өз еліне деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі болған қызметкерлерді ұмытпайды. Біздің міндетіміз — халықтың жадында мәңгі қалатын ұлы ерлікке лайық болу. Жас ұрпақ бұл күннің орны ерекше, қымбат екенін және ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен мұраларын жалғастыруға лайық. Біздің міндетіміз — бейбітшілікті сақтау!

Бүгінде Қазақстанның игілігі мен өркендеуі жолында еңбек ете отырып, әрқайсымыз Жеңіс күнін жақындатқан Батырлардың лайықты мұрагері болуға ұмытыламыз.

Мереке құтты болсын! Зор денсаулық, ертеңгі күнге деген сенімділік пен еліміздің игілігі жолында жаңа табыстар мен Сіздерге және жақындарыңызға амандық, бақыт, тілеймін.

Құрметпен,

Әсет ҚАЛИЕВ,

басқарма төрағасы-университет ректоры.