Дәлелдеу медицинасы және ғылыми менеджмент кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Дәлелдеу медицинасы және ғылыми менеджмент кафедрасы

Басшылық 

Садықова Гүлнара Мақатқызы – м.ғ.к., «Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасының жетекшісі.

 1986 жылы Ақтөбе медицина институтын бітірген. 1990 -1992 жылдары клиникалық ординатура дайындығынан өтті. 2019 – жылдың Наурыз айынан бастап М.Оспанов атындағы Медицина университетінде. Педагогикалық жұмыс өтілі 20 жылдан астам. «Қазақстан дәрігерлері» және «Невролог дәрігерлер» қауымдастығының мүшесі. 2020 жылдың Қыркүйек айынан бастап «Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасының басшысы. Әртүрлі ғылыми журналдар мен жинақтарда баспа жұмыстары бар. ЖОО-ның қоғамдық өміріне қатысады.

Кадрлық құрамы

Назарбаева Рысты Казтугановна – м.ғ.к., доцент.

Умарова Гульмира Арыстангалиевна – PhD, доцент.

Калбагаева Гульнур Хадесовна – медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Төлеуова Раушан Шәкірбекқызы – медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Есболаева Гүлжайна Есболатқызы – медицина ғылымдарының магистрі, оқытушы.

Атжаксынова Бахыт Сериковна – медицина ғылымдарының магистрі, оқытушы.

Қобланова Ақтолқын Нұрланқызы – оқытушы.

Пироженко Наталья Николаевна – оқытушы.

Альмурзаева Даяна Талгатовна – магистрант, оқытушы.

Шагирова Данагул Утегеновна – офис-менеджер. 

Құрылу тарихы 

Дүниежүзілік Банктің “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу” жобасы шеңберінде 2009 жылы БҚММУ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын дәлелді медицинаның оқу-ақпараттық орталығы (ДМОАО) құрылды, Марата Оспанов атындағы БҚММУ –нің оқу-әдістемелік бөліміне кірді. Қайта құрылғаннан кейін, 2014 жылдың Қыркүйегінде үздіксіз кәсіби даму бөлімінің «дәлелді медицина» бөлімшесі болды, 2016 жылдың Қыркүйегінен бастап ОӘЖО құрамына кіретін, дербес «Дәлелді медицина» бөлімі болды. Ел Президентінің Жолдауында қойылған міндеттерді орындау аясында 2017 жылдың Қыркүйегінен бастап бөлім «Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасы болып қайта құрылды. 2018 жылдың Қыркүйек айында кафедра базасында елімізде болып жатқан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жаңғыртуға белсенді жәрдемдесу мақсатында “Отбасылық медицина және алғашқы көмек көрсетудегі зерттеулер орталығы” құрылды. 2020 жылдың Қыркүйегінен бастап орталық «Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасы болып қайта құрылды.

Мақсаты

Студенттердің ғылыми менеджмент және дәлелді медицина саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін (денсаулық сақтау жүйесіндегі табысты қызмет үшін білім, білік, жеке қасиеттерді қолдана білуін) дамыту.

Қызметі

Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру. Сондай-ақ интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, тәжірибелік денсаулық сақтау саласының оқытушылары мен дәрігерлеріне қосымша білім беру.

Жетістіктері 

5 медицина ғылымы магистрін және 2 PhD докторын дайындады.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Міндетті медициналық сақтандыру жағдайындағы КХ және КТҰ сапаларына заманауи көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу.

2022 жылы Назарбаева Р.К. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды.

Оқытушы Алмурзаева Д.Т. 2023 жылы IELTS 7.0 сертификатын алды.

Байланыс (мекенжайы, корпустың (емдеу мекемесінің) атауы, кабинеттің №, қабат, телефон, электрондық пошта)

«Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасы, Ақтөбе қ., Маресьева 74 А; Аққағаз Досжанова атындағы Конференц Холл, 2-қабат; Электрондық почта – kafedra.dok.med@zkmu.kz

Фотогалерея