ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 11-желтоқсанда №822 “Жоғары білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін жасау және ендіру туралы” бұйрығын орындау мақсатында университет ректорының 2005 жылғы 18 қаңтардағы №12 бұйрығымен білім беру сапасын мониторингілеу басқармасы құрылды.
Сапа менеджменті жүйесін жасау, ендіру және даярлауға байланысты университет ректорының 2005 жылғы 28-желтоқсандағы №584 бұйрығымен білім беру сапасын мониторингілеу басқармасы сапа қызметі болып қайта құрылды. 18.08.2017 ж. ректордың №12/4-1-17/489 бұйрығымен сапа қызметі сапа менеджмент жүйесінің бөліміне ауыстырылды.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ Директорлар кеңесінің 06.02.2023 ж. шешімімен сапа менеджмент жүйесінің бөлімі сапа менеджмент жүйесінің қызметі болып аталды.
Сапа менеджмент жүйесі қызметінің жұмыскерлері:
- Кубекова Гульнара Уразгалиевна – жетекші
- Шанбай Алтынай Жұмабайқызы – маман
- Аметова Дина Усмановна – маман
- Төлеуова Гүлнұр Айдарқызы – маман
Сапа менеджменті жүйесі қызметінің жұмысындағы негізгі мақсаттары:
- «Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медицина университетінің» КеАҚ сапа Саясаты мен Мақсаттарын жүзеге асыру;
- сапа менеджменті жүйесін қолдау және үнемі жақсартып отыру;
- сапа менеджменті жүйесін сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- сапа менеджменті жүйесінің ішкі тексеруін ұйымдастыру;
- Университет қызметін жақсарту жөнінде жоспарлардың орындалу барысына қатысу;
- Университеттің сапа мақсаттары мен міндеттеріне жетуде бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.